1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет41/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

11-мәтін Дене шынықтырудың пайдасы.
Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес.



1-мәтін
Қазақ халқының ежелден келе жатқан бір дәстүрі - оның қонақжайлығы. Қазақ құрметті қонақты дастарқанға шақырып, төрге отырғызып, үйдегі ең дәмді тағамдарды алдына қойған. Қонаққа шақыру мен қонақ күту қазақтар үшін бірліктің, достықтың, жақындықтың белгісі болып есептеледі. Қазақтар ең дәмді тағамдарын қонақ үшін сақтаған. Кез келген халықта мұндай дәстүрлер бар деп айтуға болмайды. Бұл тек қазақ халқына ғана тән десек те болады.
Дастарқан басындағы мәдениетке қазақ халқы ерекше мән береді. Қазақ халқының салты бойынша дастарқан басында дөрекі сөздер айтуға, ұрысуға, өсек айтуға болмайды. Сонымен қатар дастарқан басында жеңіл, ыңғайлы киіммен отыру керек. Дала заңы бойынша ас беру- адалдық пен шыншылдықтың кепілі болған.
Серт беруші адам қолына Құран ұстап және наннан бір үзіп жеп, ант берген. Құран – кұдай сөзі, ал нан – қасиетті ас. Қонақ күте алмаған адамды сынаған, ұялтқан, айып төлеткен. Сараңдарды әшкерелеген. Қонақ күте алмау бір отбасының ғана емес, бүтін бір рудың кемшілігі болып саналған.


2-мәтін
Кішкене Қасым қалайда кінәлы болып қалады. Әкесіне шындықты айтудың орнына ол бар кінәні басқа біреуге жаба салды. Әкесі оған ешнәрсе айтпады, бірақ ұлының өтірік айтқанына қатты қайғырды. Бірнеше апта өтті. Қасым тағы кінәлі болып қалды. Оны мойнына алу қиын болып, тағы да шындықты айтқан жоқ. Сол кезде әкесі Қасымды бақтың ішіне шақырып алды.
-Мына өскінді жұлып алшы,- деп әкесі оған кішірек ағаштың жас өскінін көрсетті.
Әкесінің айтқанын Қасым бұлжытпай орындады.
-Қалай, жұла алдың ба?
-Иә, - деді Қасым көңілдене.
-Енді мына ағашты жұлып көрші,- деп ол өздері көлеңкесінде тұрған үлкен еменді көрсетті.
-Бұл өте үлкен, оны жұлу ауыр болады ғой. Әкесі ұлының иығына қолын қойып, былай деді:
-Міне, көрдің бе? Қазір ол кішкене болғандықтан, сен оны оңай жұлып ала аласың, ал үлкен болып өскен кезде, оған шамаң келмейтін болады. Сенің жалған өтірігің де ........... сияқты. Сен оны кеудеңнен кішкене өскін кезінде алып тастауың керек еді, бірақ сен олай етпедің. Енді саған бұл күнәмен алысу қиын болар. Бірақ әлі де кеш емес. Байқа, күнәнің ұлғайып кетуіне жол беріп алма. Кейін одан құтыла алмайсың.
Ұялғанынан Қасымның екі беті қызарып кетті.


3-мәтін
Ата-анасы ұлына ең жақсы мектепті табады. Атасы немересін мектепке әкеледі. Үзіліске шыққан оқушылар қариямен амандаспайды, керісінше күледі. Қария бұл мектепке кірмей, ауладан кетіп қалады. Немересі: «Алақай, мен мектепке бармаймын», - деп қуанады. Атасы немересіне:«Мектепке барасың, бірақ саған мектепті мен таңдаймын»,- дейді.
Ертеңінде екеуі бірнеше мектепке барып, ауласынан қайтады. Көптеген әдемі мектеп ғимараттарын көреді. Оқушылар мектептен жүгіріп шығады, тағы да атамен ешкім амандаспайды. Ақсақал әбден шаршайды. Үйіне қайтып бара жатқанда, бір кішкене мектептің ауласына кіреді. Орындыққа отырады.
... ауладағы балалар атаны көріп, амандасады. Жағдайын сұрап, көмек беруге дайын екендерін айтады. Мұғалімдерін шақырады. Жүзі жылы ұстаз қарияға сәлем береді.
Ақсақал: «Рахмет, айналайын. «Шәкіртіне қарап, ұстазын таны» деген. Мен немереме жақсы мектеп таптым», - дейді қуанып.

2--мәтін


Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Ертеде олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын беретін болған.Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа тәбетті арттырады дейді екен.Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз, көңіліңіз орнығады.Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады.


5-мәтін
1.Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: - Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп.
2.Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: - Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін,-деді.
3.Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да ғибрат сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
4.Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» -деп сұрады. Жігіт айтты:-Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.


1-мәтін
І. Ата-анасы ұлына ең жақсы мектепті табады. Атасы немересін мектепке әкеледі.Үзіліске шыққан оқушылар қариямен амандаспайды, керісінше күледі. Қария бұл мектепке кірмей, ауладан кетіп қалады. Немересі: «Алақай, мен мектепке бармаймын», -деп қуанады. Атасы немересіне: «Мектепке барасың, бірақ саған мектепті мен таңдаймын»,-дейді.
ІІ. Ертеңінде екеуі бірнеше мектепке барып, ауласынан қайтады. Көптеген әдемі мектеп ғимараттарын көреді. Оқушылар мектептен жүгіріп шығады, тағы да атамен ешкім амандаспайды. Ақсақал әбден шаршайды.Үйіне қайтып бара жатқанда, бір кішкене мектептің ауласына кіреді.Орындыққа отырады.
ІІІ. ... ауладағы балалар атаны көріп, амандасады. Жағдайын сұрап, көмек беруге дайын екендерін айтады. Мұғалімдерін шақырады. Жүзі жылы ұстаз қарияға сәлем береді.
ІV. Ақсақал: «Рахмет, айналайын. «Шәкіртіне қарап, ұстазын таңда», деген. Мен немереме жақсы мектеп таптым», - дейді қуанып.
2-мәтін
Кітапты сүйіп дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Оған ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек. Жазушы – халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жоқ.
«Біздің заманда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», - деген қате пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай бола алмайды, сырласа алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға құнығуы керек. Әйтпеген күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың өзінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құнығудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, біртіндеп құмартып, оқуды жақсы көріп қалады.
3-мәтін
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.
Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел,- деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. ........ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма -жан кесесін төңкеріп жіберіп:
- Қалғанын мына жағына құй - деп, кесесінің түбіне құйғызып алыпты.
4-мәтін
Досжан шелекті қолына алып, қорадағы атқа келді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол шелекті сұрап алды. Қарт кісі емес пе, шаршап қалыпты. Досжан қарияның атын суғарып берді. Бір кезде Бағила әжей суға келді. Досжан су құйып берді. Шағын екі шелек суды әжейдің үйіне жеткізді. ... Досжанға рақмет айтты.
5-мәтін
Теңіз орамжапырақтары дәрумендер мен минералдарға бай. Уэльсте қызыл балдыр ретінде де белгілі қызыл теңіз орамжапырағы былқылдақ масса болғанға дейін қайнатылады да майға қуырылады. Оны «нан» ретінде жейді. Жапондықтар теңіз орамжапырағын бірінші болып өсіре бастады. Мұнымен шұғылданатын фермерлер теңіздің саяз жерлеріне балдырлардың оралып өсуі үшін ағаш бөренелерді қатар тізіп қояды. Жинап алғаннан кейін теңіз орамжапырағын тағамның алуан түрлерінің құрамына қосады. Егер сіз тағам салынған қораптардан «агар», «альгин», карагенин деген атауларды көрсеңіз, олардың құрамында теңіз орамжапырағы бар екенін біліп жүріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет