1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет43/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
2-мәтін.
І. Сіз Наурыз мейрамын қалай тойлайсыз? Әріптестеріңізбен, достарыңызбен, отбасыңызбен бірге қызықты шаралар ұйымдастырып, ұлттық киіммен сәнденетін боларсыз? Әлде көршілермен бірге аулада наурыз көже пісіресіздер ме? Мүмкін құттықтау, тілектеріңізді бейне түрінде көрсеткіңіз келетін болар?
ІІ. Қымбатты достар, қала тұрғындары! Сіздерді Наурыз мейрамына орай 15 және 30 наурыз аралығында ұйымдастырылатын конкурсқа қатысуға шақырамыз! 
ІІІ. Конкурс талаптары: Kaztube.kz сайтына тіркеліңіз.
• Еркін жанрда ерекше бейне түсіріп, kaztube.kz сайтындағы «Наурыз» сайтына бейнені жүктеңіз.
• Бейнематериалдар 30 наурызға дейін қабылданады.
• Жеңімпаздар видеоның танымалдылығына байланысты анықталады. Сондықтан да өзіңізді елге жариялау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
ІV. Осындай мерекелік іс-шаралардан бейне түсіріп, бір ғана көріністі немесе бірнеше эпизодты біріктіріп, әдемі материал дайындауға болады. Барлығы да сіздің ұшқыр қиялыңыз бен операторлық креативіңізге байланысты.
V. Үздік деп танылған 4 бейнеролик иесінің тіл үйрену мектебіне жолдама жеңіп алуға мүмкіндігі бар.
3- мәтін
Өнер де сұлулық секілді адам көзінің жауын алып, жан-дүниесін жаулап алады. Мысалы, біреулер қарапайым маймылдың салған суреттерін француз суретшісі Пьер Брассоның туындыларымен шатастырған. Бұл суретші жайында естімеген боларсыздар. Естімеулеріңіздің де себебі бар. Бұл суретші өмірде болмаған.
Бірде шведтік журналиске жалған суретші Пьер Брассоның туындыларын маймылдың суреттерімен алмастыру туралы ой келеді. Осыған байланысты ұйымдастырылған көрме сәтті өтеді. Алайда суреттердің барлығын маймыл салған еді.
Журналистің мақсаты сыншылардың өзін сынау болатын. Оларға маймылдың салған суреттерін «Заманауи туындылар» деп таныстырады. Сыншылардың бірі "Брассо ұшы ұшталған бояу жаққыштарды пайдалана отырып, әрбір сызықты дәлдікпен жүргізеді екен. Көз алдыма бояу жаққыштың ары-бері қозғалып жатқандығын елестеттім. Брассоның суреттері балет бишілерінің биінен аумайды" деп баға берген. Шындықтың бетпердесі ашылған соң сыншылар ұялып, ... бұл картиналардың таңғажайып туынды екендігін айтқан. Нәтижесінде маймылдың салған картинасын жекеменшік коллекция жинаушылардың бірі 90 АҚШ долларына сатып алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет