1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет46/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
3-мәтін
Әлемде балалар жаппай жасына жетпей толысып кететін ауруға ұшырай бастаған. Былайша қарасаң, сұмдық. Сегіз жасар қыздар мен ұлдар үлкендермен бірдей елуінші өлшемдегі киім киетін көрінеді. Мұның себебі неде? Оқымысты ғалымдар қарап жатпай күндіз-түні бас қатырып, ақыры анығына жетіпті. Оған кінəлі – балалардың ерке -шолжаңдығы, қарыс адым жаяу жүрмейтіні, еріншектігі.
4-мәтін
Телефон – тамаша дүние! Ол келгелі 100 жыл өтті, бірақ қазір телефонсыз өмір жоқ. Телефонмен сөйлесудің ережесі бар. Бас-аяғы жоқ бос сөзді сөйлеген дұрыс емес. Мүмкін, сол уақытта әлдекім саған хабарласа алмай тұр. Соны да естен шығарма.
5-мәтін
Бұл әлемде ең ұзақ есім - үнділік Брахматмада екен. Оның атының ұзындығы сондай, есте сақтау мүмкін емес. Есімді айту үшін кемінде 10 минут керек. Ол 1478 әріптен тұрады, иесі өзіне-өзі қойып алған ат тарихи орындардың, атақты адамдардың, тағы басқа нәрселердің атауларынан біріктіріліп құрастырылған екен. Брахматманың бұрынғы аты да тілге оңай емес екен: Хумананоджасваматашетаргандас.
6-мәтін
Самал сыныптастарымен бірге сабақтан соң келе жатса, алдарынан бір жасыл түсті адам пайда болды. Ол қорқып қалған балаларға былай деді: - Мен өзге әлемнен ұшып келдім. Келген себебім, сендердегі аң-құс, жануарлар, ағаштардың жағдайлары нашар екен. Олардың қиналғандары дыбыс толқындары арқылы бізге жетеді. Оларға көмек керек. К-ө-м-е-к к-е-р-е-к . . .
Осы кезде Самал шошып оянып кетті. Есін жиған соң: «Расында да, Табиғаттың тілі жоқ, бар болса да, біз , Адамдар саңыраумыз ғой» - деп ойлады.
7-мәтін
Оңтүстік Төле би ауданы Ленгір қаласындағы №2 орта мектептің оқушысы Айжан Абдрахманова журналымызда жарияланған «Асқақтаған Астана» бәйгесінің жеңімпазы атанды. Журналымыздың қызметкері Ж.Дайрабаев мектепке арнайы барып, Айжанның жүлдесін тапсырды.
8-мәтін
Соңғы үш жылда Елордада сәбилер дүниеге келуі артты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді.
«Астана жастар қаласына айналып келеді. Қала тұрғындарының басым бөлігі – жас отбасылар. Барлығы дерлік балалы-шағалы. Егер 2008 жылы қалада 58 мың бүлдіршін тіркелсе, биыл олардың саны 90 мыңға жетті. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш»,- деді А. Балаева. Биыл Елордада «Балапан» бағдарламасы аясында 6 балабақшаның құрылысы аяқталыпты. Тағы 4 балабақша жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
9-мәтін
Бірде Күннің көзі мен Жел «Кім күшті?» деп өзара сөз таластырады. Сол кезде көшеде қалың киініп келе жатқан бір адамды көреді. - Күшті болсаң, анау адамның сырт киімін шешіп көрші, - дейді Күннің көзі. Жел аласұрып, келе жатқан адамның сырт киімін ары - бері жұлқылайды. Адам болса, жел қатты соққан сайын киіміне бүркеніп алады. Сөйтіп Жел өз мақсатына жете алмайды. Кезек Күнге келеді. Күн болса, барлық жылы шырайын жерге төгіп биік көтерілгенде, Адам киімін өзі шешіп тастайды. Сөйтіп Күннің көзі Желді осылай жеңген деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет