1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет49/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

6-мәтін
Көк шайдың пайдасы
Қытай ғалымдары көк шайдың пайдалы қасиетiн дәлелдедi.
Көк шай адамды компьютерлiк сәулелерден қорғайды.
Шайдың жапырақтарында радиацияға қарсы компонент бар.
Зиянды сәулелерден қорғану үшiн қытай ғалымдары көк шайды көп ішуге кеңес береді.


Мәтін
- Тоқтар аға, ғарышқа ұшар алдында қандай көңіл-күйде болдыңыз?
- Елден тым алыста жүргендіктен шығар, маған ғарышқа ұшудан да басқа нәрсе қатты әсер етті. Ол ... . Ет асылып, халық жиналып, 93 жастағы ақсақалдың бата беруі – бәрі-бәрі ерекше көңіл-күйімді бөледі.Мұндай соншалықты кіршіксіз, шынайы дәстүр әлемде жоқ дер едім.
- Ғарыштан аман-есен оралып, сол сапар туралы Ел басына қазақша баянат (рапорт) жасапсыз.
- Менің анна тілімнен тәжірибем өте аз. Соған қарамастан намыстанып, бүкіл ой-санамды тек қазақша жеткізуге бағыттадым. Қазақстанның тұңғыш Президентіне тұңғыш ғарышкері осылайша қазақша тіл қатқан. Мені қазақша сөйле деп ешкім күштеген жоқ, өзімнің жүрек қалауым солай болды.
«Егемен Қазақстан» газеті
«Өзімнің жүрек қалауым солай болды»
1-мәтін
Әйгерімді Абай үш ай бұрын ұзатып әкелген еді. Қазір жас келіншек Абайдың қасында отыр. Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Қыз-келіншек пен бозбала. Ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Бұлар – сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі, халықтың сүйіктісі – орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол – Арқаға аты шыққан, Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.
2-мәтін
Тоқу өнері
Абай атамыздың “Егер ісім өнсін десеңіздер, ретін тап” деген сөзін еске түсіре отырып, тоқу өнері туралы айтқым келеді.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер.
Әр адам соңғы сән үлгісімен,талғамымен киінгенді жақсы көреді.Әр адамның талғампаздығын, қайталанбас ерекшелігін тоқу өнері танытады. Адамдар жеке басына қажет нәрсе тоқып алу үшін де айналысады. Ал осы тоқу өнері түрлі-түсті бояулар әлемнің үйлесімділігін, түрлі тоқу әдістерін меңгеру шеберлігін, ой өрісін, қабілетін дамытады. Алуан түрлі бояулар сыры көп. Әр түстің өзінше ерекшелігі,
маңызы бар. Әр түс табиғат пен байланысып тұрғандай.
Ақ түс – адалдық, достықты, көк түс – аспан мен суды және қанағат пен салмақтылықты, жасыл түс – көктем мен жастық шақты, еркіндікті, қызыл түс – күн мен отты және белсенділік пен өмірге құштарлықты, сары түс – ақыл мен білімділікті, байлықты суреттейді.
Тоқу барысында осы түстер үйлесімі жарасымды орындалуы міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет