1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет50/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

3-мәтін
Қоңыр күз.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – көкөніс, жеміс-жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады.


4-мәтін
Жолдасым көп болсын десең...
Жолдасым көп болсын десең, ешқашан достарыңа дөрекілік көрсетпе. Оларды жәбірлеме, намысына тиетін сөз айтпа. Мазақтайтын ат қойма. Сонда ғана сыныптастарың арасында сыйлы боласың. Ойын кезінде не басқа уақытта өзің қолайлы орынға отыру үшін итермелеп, ұрып-соқпа. Әрқашан амандасуды ұмытпа. Тіпті кішкентайлармен де амандас.
Үлкенмен де, кішімен де, қызбен де, ұлмен де достасуға болады. Егер досыңа бір нәрсе үшін ренжіп қалсаң, тез ұмытуға тырыс. Өштеспе! Досың сенен кітап не қалам сұраса, бер, қолын қайтарма. Өзің досыңнан бір зат алсаң, сол заттарға ұқыптылықпен қара. Осы ережелерді үнемі есіңде сақтап, орындауға тырыс.


5-мәтін
Той өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті. Аршабай алқабындағы біздің үй тағы да жалғыз қалды. Ың-шыңсыз бұрынғы өміріне қайта түсті. Екі-үш күнге созылған той-думанға әбден үйреніп қалыппын. Көпке дейін айдалада жалғыз қалғандай көңілсіздік басты. Салтанат біздің үйге келін боп түсті. Оның мінез-құлқы мен армандағандай болып шықты. Той өткен соң-ақ, үй ішінің тірлігіне араласып кетті. Апам Салтанатты жақсы көреді. Жеңіл әзілге икем. Ол әнді тамаша айтады екен. Ерке мінезді, сәби жүректі жеңешеме тез бауыр басып кеттім.


1-мәтін
Ит пен мысық
Ит байлаулы. Мысық оны біледі. Иттің қасына барып отырды, ешқайда кетпейді. Итті мазақ қылып отыр. Ит үріп, жете алмай жатыр, шынжыры жібермейді.
Бала үйінен шығып, мысықты қуып жіберді.


2-мәтін
Әженің сабағы

Бір күні бес жасар Алма әжесімен көршінің үйіне қонаққа барыпты. Қайтарда бір орам қара жіпті қалтасына салып ала кетті. Үйге келісімен, әжесін қуантамын деп, жібін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет