1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет48/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

16-мәтін
Бір күні Қожанасыр досынікіне келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:
- Е, достым, не істеп жатырсың? – деп сұрайды.- Ә, Қожа екенсің ғой! Мынау ескі киім, қағаз, кітап, - бәрін өртейін деп жатырмын, - дейді досы. - Қой, достым, киім ескіреді, бірақ кітап ескірмейді. Оның сырты ескіреді, бірақ ішіндегі ақыл ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр.
17-мәтін
Балалардың таза ауада көп серуендеуі оларды алыстан көрмеушілік ауруынан қорғайды. ... Кембридж университетінің ғалымдары анықтады. Зерттеушілер бұрын балалардың көз ауруларына қатысты жасалған 8 ғылыми жұмысқа талдау жүргізді. Бұл зерттеулерде 10 мың адамның ауру тарихы жазылған.Оларды қорытындылай саралаған кезде, алыстан көрмейтін балалардың таза ауада аз серуендегені анықталды.Дәрігер ғалым Джастин Шеруиннің айтуынша , қоршаған ортаны тамашалау, соның ішінде алыс пен жақынды бажайлап қарау көздің физикалық белсенділігін, көргіштігін арттырады.
1-мәтін
Жазды мен ауылда өткіздім. Біздің ауыл жайлауға мамырдың аяғында көшіп келеді.
Біздің жайлаудың аты – Сырт. Мұнда біз басқа жерлерден көшіп келген көптеген ауылдарымен кездестік. Таныс емес балалар көп болды. Кейін біз олармен шомылғанда, таймен жарысқан кезде жиі кездесіп, танысып алдық. Мен бірнеше баламен достастым. Біз бір-бірімізге ауылға бардық. Қозы бағып жүрген кезде ойындар ұйымдастырдық. Кейде кешке қарай біреуіміздің ауылында ұзақ ойнайтынбыз. Наурыз мейрамында бірге болдық.
Жидектеруге бардық. Жазды өте көңілді өткіздік.
2-мәтін
Ертеде бір хан қызметшілерімен базарда жүрген кезінде, тұтқындар базарына өтеді. Бостандықтарынан айрылған байғұс адамдар бірінен соң бірі құлдыққа сатылып жатқан еді. Хан құлдарды жақыннан көргісі келіп, құлдар тұрған жерге жақындаған кезінде, бір қария құл: "Мырза, сәлдеңізде бір дақ тұр" - дейді.
Хан басынан ақ сәлдесін шешіп қараса, құл дұрыс айтыпты. Демек, бірнеше уақыттан бері кір тиген сәлдемен жүргенін бүкіл ел көрді. Қатты ұялды. Қызметшілеріне ашуланып: "Менің осылай жүргенімді көрсеңдер де, ешқайсың айтпай жүре бергенсіңдер. Менің шын досым мынау - құл. Досымның құл ретінде сатылуына рұқсат бермеймін. Құлды дереу сатып алып, бостандық беріңдер" - депті.


Мәтін Ол - теңіздің жағасындағы кішкене тас еді. Балалармен ойнағанды қатты ұнататын. Негізінде оның балалардан басқа жақындары жоқ еді. Ол мыңдаған жыл бұрын таудан сынып, жағаға құлаған болатын. Бұрын үлкен қисық тас еді. Ал қазір бұрыштары домаланған. Бұрынғыдан әдемірек көрінетін, бірақ қатты кішкентай болып кеткен.
«Осылай жалғаса берсе, мен жойылып кетемін» - деп қорқатын. Бір күні оның жылаған дауысын естіген құмырсқа: «Сен жойылып кетпейсің. Керісінше, барлығы сені бұрынғыдан да қатты жақсы көретін болады», - дейді. Кішкентай тас бұған сенбейді: «Балалар мені көре алмаса, қалайша жақсы көреді?» - дейді.
Құмырсқа:
- Олар көреді! Тек сенің де атың топырақ болады. Кейін сені барлығы жақсы көретін болады. Өйткені, сен бүкіл жанды заттардың өміріне көмекші боласың.
- Топырақ дейсің бе? Сонда басқалардың өміріне қалай көмектесемін?
Құмырсқа күліп:
- Мысалы, бүкіл жануарлар мен адамдардың тамақтары, жемістері топырақта өседі. Сондай-ақ құрт-құмырсқалар ұяларын топырақтың астына салады.
Кішкентай тас бұдан былай жаңа достар табатынына және оларға пайдалы болатынына көз жетіп, қатты қуанды.


Мәиін Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда, жер өңдеп, суарып жүрген диқанды кездестіреді. Еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаға ұнап, ол егіншімен сөйлескісі келеді. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтын болатын еді.
Шаруа патшаның таңқалғанына қарап: «Бұл ақша қанағатшыл адамға, тіпті, көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын», – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден ешнәрсе түсінбейді. Ақ көңіл диқан күлімсіреп: «Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын» - дегенімде, мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. «Ақшамды қор ретінде жинаймын», - дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын», – дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады да, оған көмектеспекші болады.


Мәтін
Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден бақылап отырып; “Ал, енді көрейік!” дейді.
Елінің ең бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып тасты айналып өтіп, ешнәрсе істемей кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп дауыстап тұрып: “Халықтан қаншама ақша жинайды, бірақ жолдарын таза ұстай алмайды”, - деп патшаны жамандай бастайды.
Осы кезде бір ауыл шаруасы сарайға жеміс, көкөніс алып келе жатып жол ортасындағы тасты көргенде, арқасынан жүгін жерге қойып, екі қолымен тасты итере бастайды. Қатты қиналып, шаршайды, соңында тасты жолдың шетіне ығыстырып қояды. Жүгін қайтадан асынып жатқанда тастың жатқан жерінен бір қалта көреді.
Алып ішін ашады... Ішінде патшаның хаты және.........


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет