1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет47/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

10-мәтін
Неміс ғалымдары «саз аспаптарында ойнау балалардың есте сақтау қабілетін жақсартады» деп отыр. Олар бірнеше жыл бойы мектептерде арнайы зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде, музыкалық дәрістер кезінде оқушылардың IQ деңгейі (интеллект коэффициенті) 7-10 есеге артқаны анықталған.Ғалымдардың айтуынша, күй шертіп,ән айту қарттарға да пайдалы. Күніне бір сағат саз аспабында ойнаған қарияның ой-санасы орнықты болмақ. Сондай- ақ, музыкалық бейімділік адамның шет тілдерін тезірек үйренуіне де ықпал етеді екен.
11-мәтін
Бір қаз өзенде жүзіп жүріп өзіне - өзі айтты: «Мен қандай ғажап құспын, жерде жүремін, суда жүземін, ауада ұшамын: мендей құс бар ма екен», – деп. Бұл сөзді әтеш естіп, оған былай депті: «Сен кеуденді бекер көтересің, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың: әр істің басын бастап, жаман білгенше, бір істі тәуір білген жақсы емес пе? »
12-мәтін
1.Әлемдегі ең биік субтропика өсімдіктерінің бірі – эвкалипт ағашы. 2.Оның биіктігі бір жүз елу метрден асады, жуандығы отыз метрге жетеді. 3.Эвкалиптің шыққан жері – Австралия. 4.Эвкалипт өте тез биіктейді.
13-мәтін
1. Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек.
2. Кір қолмен тамақ ішу – тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті.
3. Кір қолда көптеген микробтар болады, ал сабын мен су оларды құртады.
4. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама.
5. Ас үстінде көп сөйлеп, көп күлуге болмайды.
15-мәтін
Қытай елінде осы биді 13 мыңнан астам адам бір мезгілде билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізгені əлемге аян.
«Қара жорға» биінің тарихын кейбір зерттеушілер 7 ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Биге дейін ел арасында «Қара жорға» күйі тараған екен.Бұл бір жағынан биді насихаттау болса, бір жағынан дене шынықтыру жаттығуы.
Бүкіл мектеп, мекемелерде «Қара жорға» биін əр адам билесе, нұр үстіне нұр болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет