3-мәтін
Ең алғашқы күнтізбені біздің эрамызға дейін 45- жылы римдік астролог Созиген жасаған болатын. Оны ең алғаш қолданысқа
енгізген- Юлий Цезарь, сондықтан бұл күнтізбені юлиандық деп атайды. Юлиандық күнтізбеде 365 тәулік бар. Юлиандық күнтізбені тропикалық жылға сәйкестендіру үшін римдіктер әр төрт жыл сайын ақпан айына 1 күн қосып отырған. Осылайша әрбір 4 жылда ақпан айы 29 күнге созылады. Қазір григорияндық күнтізбені падаланамыз.
4-мәтін
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Жағаға көкпеңбек жылтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді.
Ол-қайқы құйрық, қара торғай. Торғай шолп етіп, ағынды суға сүңгіп кетеді. Мөлдір судың түбінде
жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.
Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең етпестен зыр жүгіріп, баяғысынша әндетумен болады.
Қандай ғажап құс! Бұл құсты «су торғайы» дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.
5-мәтін
13-мәтін.
Бал арасының уымен емдеудің Египет жазбаларына сүйенер болсақ, 3500 жылдық тарихы бар. Медицинаның атасы Гиппократтың өзі бұл емдеу тәсілінің маңызы мен тиімділігі туралы көп жазған. Клеопатра патшайым таңертеңгілік, кешкілік шомылғанда араның балын да, уын да пайдаланған. Бұл адамды жасартады, күш-қуатты арттырады.
Ара уының құрамы мынадай витаминдер мен микроэлементтерден тұрады: В2, В6, Е
витаминдері, кальций, марганец, мыс, темір, натрий.
Іш
құрылысы ауруларын, қалқанша безді,
қатерлі ісік ауруын, ревматизмді, жүйке
ауруларын, гипертонияны емдеуде таптырмайтын дүние. Гемоглабинді де көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: