1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


Кiшкентай жанат (ағылшын ертегiсi, Л. Мурр)



бет54/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Кiшкентай жанат (ағылшын ертегiсi, Л. Мурр)

– Бүгiн сенiң туған күнiң, – дедi мамасы кiшкентай жанатқа, – ендi сен үлкенсiң.


Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма?
– Әрине, болады.
Кiшкентай жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрдi.
– Сен қайда бара жатырсың?
– Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын.
– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба?
– Қорықпаймын. Айтшы, маймыл ,тоғанда отырған нәрсе қорқынышты ма?
– Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт.
Кiшкене жанат тоғанға келдi.
– Әй, тоғанда отырған, шық, – деп айқайлады
Бiрақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кiшкене жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады. Кiшкене жанат бетiн тыржыйтты. Тоғанда отырған да бетiн тыржыйтты.
Кiшкене жанат таяқты көтердi. Ол да таяқты көтердi.Кiшкене жанат қатты қорқып кеттi. Ол үйге жүгірдi
– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда бiреу отыр, ол маған таяқты көтердi.
–– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлiмде.
Жанат солай iстедi. Тоғанда отырған бiреу де оған күлiмдедi.
Кiшкене жанат қуанып кеттi, көп тәттi өлең шөп жинады.
– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба? – дедi маймыл.
– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлiмде, ол да саған күлiмдейдi, – дедi кiшкене жанат.


10-мәтін
Бұйра қыз (чукотка ертегiсi)
)
Баяғыда түлкi мен аю болыпты. Олар күнде балық аулапты.
Бiр күнi оларға бiр қыз келдi.
– Сәлеметсiздер ме! Не iстеп жатырсыздар?
– Кет, қыз, сенiң шашың ода-дода, балықты қорқытасың, – дедi түлкi.
– Жоқ, бұл қыз ода-дода емес, ол бұйра, – дедi аю.
Бiр уақытта жел тұрды, қар жауды. Қыз тоңды. Аю өз тонын қызға бердi. Қыз үйiне келдi.
– Сен тонды қайдан алдың? – дедi шешесi.
.-Аю бердi.
-.Аю жақсы екен, оны қонаққа шақыр, – дедi шешесi.
Аю қызға қонаққа келдi. Аю және қыз шай iштi, балық жедi. Сосын қыз аюға үлкен балықтарды бердi.
– Балықтарды балаларыңызға апарыңыз, – дедi қыз.
– Рахмет! – дедi аю.
Жолда аюдың алдынан түлкi шықты.
.– Аю, сен балықтарды қайдан алдың?
– Бұйра қыз бердi, – дедi аю.
Түлкi қызға келдi.
Бұйра қыз, маған балық бершi. 25.Менiң де балық жегiм келедi, – дедi түлкі.26. Қыз үндемедi, есiктi ашпады.
"Аю өте қу. Бұйра қызды мақтап, балық алды", – деп ойлады түлкi.

Мәтін 1
Демалыс күні Алмаз бен Ғани аулаға шығып, екі сағат шахмат ойнады. Жаздың жақсы кезі. Күн жылы. Ойынға берілген балалар уақыттың өте шыққанын байқамай да қалды.
«111 жұмбақ-әңгімелер» кітабынан
Мәтін 2
Оңтүстік Америкада бал беретін құмырсқа кездеседі. Олар балын өзінің бауыр қалтасында сақтайды. Балы бар құмырсқа илеуде бөлек тұрады. Оның балымен жемі таусылған илеудегі құмырсқалар қоректенеді.
«Қызықты зоология» кітабынан
Мәтін 3
Қарлығаш аспанда неше түрлі акробатикалық қимыл жасай алады. ... болғандықтан, күзде жылы жаққа ұшып, көктемде қайтып оралады. Қарлығаштың әндеткенді жақсы көретіні сонша – ұшып жүріп те, қонып отырып та әндете береді. Қарлығаш адамдарға жақын жүргенді қалайды. .... қарлығаштың балапандары күзге қарай алыс жаққа ұшып баруға әзір болмаса, ата- анасы оның қанаты қатайғанша жанында қалады.
Мәтін 4
Қазақтың тұңғыш ұлы ғалымы, шығыстанушы, саяхатшы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның балалық шағы әжесі Айғанымның қолында, Сырымбеттегі мекенінде өтеді. Шоқанның әкесі – Шыңғыс аға сұлтан да, атасы – Уәлихан. Ал арғы атасы Абылай хан еді.
12 жасында Шоқан Сібірдегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі Омбы қаласындағы кадет корпусына(әскери) оқуға түседі. Бұл жерде Шоқан қай жағынан болсын тез өсіп, 2 жылда өз құрбыларының алды болады.
Энциклопедия, 2009ж.
Мәтін 5
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi.Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек болды. Электронды есептеу машиналар осылай шықты.
«Балдырған» журналы

Мәтін 6
Айна біздің дәуірімізден үш мың жыл бұрын шыққан. Ең алғашкы айнаны ХVІ ғасырда итальян шебері жасаған.1600 жылы Франция королі Мария Медичиге сыйға тартылған айнаның бағасы жүз елу мың алтын франк болған. Оның үлкендігі казіргі сіріңке қорабындай екен.Ресейдегі алғашқы айна зауытын Мәскеу түбіндегі Воробьев тауына І Петр салдырыпты.
Энциклопедиядан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет