4- мәтін Қадірлі достар! Әлемтану айдары бүгін өздеріңізбен бірге жаңа жоба бастағалы отыр. "Саяхатты сүйемін" деген тақырыптағы жобаға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Бар болғаны өздеріңіздің естен кетпес саяхаттарыңызды, шетелдегі қызықты күндеріңіз туралы еркін жазбаларыңызды жолдасаңыздар, жетіп жатыр. Жоба соңында "Ең үздік саяхат қожайынын" анықтап, марапаттаймыз. Біздің алғашқы қонағымыз – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенті Сәния Дауталиева. Сәния сіздерге "Малайзиядағы күндері" туралы сыр шертетін болады.
Менің Малайзияға баруымның бірден-бір себебі – саяхат қана емес, ағылшын тілін жетік меңгеру мақсаты болды.
Мұғалімдеріміз өзіміздің жақын достарымыздай болып кетті. ........, өзімнің оқытушым Mr. Junos туралы айтқым келіп тұр. Жас та болса, бізге бар білгенін үйретуге асығып тұрады. Өте мейірімді, жан-жақты. Сабақ кезінде ән айтып, би билеп түсіндіру керек болса, оны да жасайды. Кез келген сұрағыма ерінбей жауап береді. Керемет жан. Күлкісінің өзі бір бөлек әңгіме (күліп). Тағы бір қызық жайт бұл елде дуриан деген жеміс бар. Иісі сондай жиіркенішті. Ұзақ уақыт бойы дәмін татып көруге батылым бармай жүрді. «Қай жақтан келдіңіз?» деген жергілікті халық тұрғындарына «Қазақстан» десек, «О, Қазақстан! Мұсылмансыңдар ғой» деп қуанып жатады. Мұндай сыйластыққа біздің көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп қаламыз. Қаншама қазақ студенттерінің арқасында біздің қазақ екенімізді таниды.
Бұл елдің көрнекті жерлерін көп көрдім, бірақ мәдениетімен танысуға уақытым болмады. Елдегі атақты "Петронас" мұнарасы, Пенанг, Лангав аралдары, Джейнек мешіті, Бату Кейвс үңгір-ғибадатханасы, Өзен саябағы, Темпл-Саябақ ландшафты, Жабайы Құстар саябағы қатты ұнады.
Малайзия – керемет ел. Кімде-кім барсам-бармасам деген екі ойда жүрсе, ойланбай-ақ билет ала берсін деп кеңес берер едім. Әсіресе, мектеп бітірген жастарға оқуын одан әрмен жалғастыруға жоғары сапалы білім беретін университеттер барын айтқым келеді. Жаратылыстану, экономика, туризм бағыты бойынша білім алушыларды көптеп байқадым. Соған қарағанда, осы салада білім алу тиімді секілді. Ағылшын тілін үйренуге арналған курстар бар, бағасы да тиімді. Мұсылман бауырлардың ыстық ықыласпен қарсы алатынына сенімдімін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Мейіргүл (ushkin) Оңғарова. 24 Қазан, 13:28.
Иә, Айгерім алғашқы кейіпкерін сәтті таңдапты
Ардақ Құлтай. 24 Қазан, 13:30.
Сәнияға рақмет! өз көргенімен бөліскеніне. Ал мұндай керемет жоба бастаған Айгерімге мың алғыс! Өте қызық! Бірін қалдырмай оқуға ант етемін!
Anara Mustafina. 24 Қазан, 14:37.
Сания үшін қуаныштымын. Осылай білім іздеген адамдар көп нәрсеге жетері анық!