Ең танымал "Орёл и Решка" саяхат бағдарламасының жаңа жүргізушілері Настя Ивлеева мен Антон Птушкин әлемнің ең қызықты қалаларына саяхат жасайды



Дата14.12.2021
өлшемі14,65 Kb.
#100737
түріБағдарламасы
Байланысты:
птушкин эссе


Ең танымал "Орёл и Решка" саяхат бағдарламасының жаңа жүргізушілері – Настя Ивлеева мен Антон Птушкин – әлемнің ең қызықты қалаларына саяхат жасайды. Осы жолы жүргізушілер Түркияның таң қалдырарлық қалаларының бірі – Анталияға саяхат жасады. Анталия – жай ғана демалыс орны емес, ол – жүздеген километрге созылып жатқан жағажайлары, зәулім сарайлары мен таңғажайып қонақжайлары көз тартатын демалыс патшалығы.

Әдеттегідей, бар қызық тиынды ортаға тастап, кім шексіз мүмкіндігі бар алтын картамен, ал кім бар болғаны 100 доллармен саяхат жасайтынын анықтағаннан кейін басталды. Алтын картаны иемденген Антон Птушкин көлік жалдап, қаладағы жаңадан салынған, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар керемет конақ үйлерді көрсетті: 2000 бөлмелі «Royal Seginus 5» жеке ойын-сауық орталығы, мейманхана және сауда орталығы бар қонақ үйі, дәл осындай бөлме санымен, сонымен қатар өзінің аквопаркімен қызықтыратын «Adalya Elite Lara 5» қонақ үйі, 2600 бөлмелі «Trendy Lara 5» жеке орманы бар қонақ үйі, 1600 бөлмелі зәулім сарай секілді «The land of legends theme park» қонақ үйі.



Бағдарламаның орта кезінде жүргізушілер Түркияның жүрегінде орналасқан ғажап Каппадокия аймағына жол тартады. Қызыққа толы бұл аймақтың басты ерекшелігі – адамдар үлкен тас алыптардың ішінде, үңгірде өмір сүреді. Және ең қызығы, келуші туристтерге арналған конақ үй дәл осы үңгірлерде орналасқан. Антон Птушкин «Sultana» үңгіріндегі «Музей» қонақ үйіне келіп тоқтайды. Қонақ үйге кірген бетте ең алғаш көзге шағын көрме-мұражай секілді фойе түседі. Фойеде түрік ұлттық киімдері, ескі үнтаспа, XV-XVI ғасыр әшекейлері орналасқан. Ал қонақ үйдің басты ерекшелігі – біздің заманымыздан бұрынғы адамдардың баспанасы болған, осы адамдар өз қолымен салған. Бөлмеге кірген бетте көне жиһаздар, тарихи жәдігерлер көздің жауын алады. Сонымен қатар, қонақ үйде қазіргі заман атмосферасы да сезіледі: жуынатын бөлмеде үлкен, ыңғайлы джакузи орналасқан. Тосын сыйлар осымен бітер емес: астыңғы қабатқа тас сатымен түскенде шарап қоймасын көресің. Ал жатын бөлмеде аса ыңғайлы 2 орынды төсек орналасқан және төсектің бас жағында өте қызық дизайнды үй телефоны тұр және бұл өте ыңғайлы. Әсем табиғатты, күншығысты тамашалап отырып, өте құнарлы түрік ұлттық таңғы асын жеу мүмкіндігі демалысты одан да керемет ететіні анық. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасы өте жоғары: сыпайы, түсінігі мол, қонақжай сервис.

Видеоны қарап отырып, бағасы орта қаржыдан асатынына қарамастан, өзім де осы жерге барғым келіп кетті. Көшпелі түркі халқының салт-дәстүрін, тарихын өз көзімен көріп, қолымен ұстағысы келетін, сонымен қатар жақсы демалып келгісі келетін саяхатшыларға таптырмас орын екеніне сенімдімін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет