1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


-мәтін Астана- болашағы үлкен қала



бет40/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

7-мәтін Астана- болашағы үлкен қала.
Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдіреді. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар. Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.


8-мәтін Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана.Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана-болашағы үлкен қала.


9-мәтін Ойыншық тарихынан
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты. Сәбидің қарапайым жүзін, ақылын және танымдық қасиеттерін білдіретін ойыншықтарда наным сенімдері болған.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл – қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Адам қуыршақта өзін көретін болғандықтан, қуыршаққа маңызды орын бөлінді.
Қуыршақ көпке дейін бет - әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты.Уақыт өте қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады.


10-мәтін Шахмат үйірмесі
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш-төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы – болашақта шахмат ойынының шебері болу.
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет