1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет39/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

1-мәтін Жаңа жыл
Жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатады. Оларға түрлі түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылды балалар асыға күтеді. Оларға сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді.
2-мәтін Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.


3-мәтін Ас атасы – нан.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар. Астың, дәмнің үлкені – нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан – қасиетті тағам. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.


5-мәтін Ана-ардақты ат
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл анамыздың махаббатына бөленеміз. Біз анамызды мәңгі қастерлейік! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.


6-мәтін Қазақстан Астанасы.
Қазақстан елінің астанасы —бұрынғы Ақмола қаласы. Бұрынғы Ақмола болып 1953 жылға дейін аталды. Дәл осы жылы ол Қазақстан жерінде тыңның көтерілуіне байланысты «Целиноград» деп аталған еді. 1995 жылдан бастап, «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Қазақстан Президентінің жарлығымен «Астана» деген атқа ие болды. Жаңа Астанада көптеген ғимараттар салынып жатыр. Көрнекі көшелердің біріне Төле, Әйтеке, Қазбек билердің ескерткіштері орнатылды. Бұл қала нағыз ғылымның, мәдениеттің қаласы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет