Ресей астанасының Оңтүстік Шығыс округіне қарасты Вешняки деп аталатын ауданда Әлия Молдағұлова есімін иеленген көше бар. Сол көшенің бойында Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп бар. Осы мектеп ауласында Әлияның туғанына 80 жыл толуы қарсаңында орнатылған ескерткіш, қазақ қызының қаһармандығының бейнесі — ақтөбеліктердің ұсынысын қабыл алған мәскеуліктердің айрықша ықыласының көрінісі десе де болғандай. Әлия атындағы мектепте оқуды қалайтындар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Аты аңызға айналған арудың мүсіні жанында алғашқыда қарулас достары жиналып жүрді. Кейіннен жыл өткен сайын оның атына қанық, ерлігіне тәнті тілектес жандар бас июге келетін орынға айналды. Екі елдің достығының айнымас белгісіндей болған Әлия дос үшін жанын қияр намысты елдің ерлігінің куәгеріндей ұрпақтар ұранына айналды.
Ал Мәскеуді жауға бермей қорғаған қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлы мен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткіштері — ел таныған, мойындаған ерліктің белгісі. XX ғасырдың бірінші жартысында болған Ұлы Отан соғысының сұрапыл шайқастарында ерен ерлік көрсеткен қазақтың ұлы мен қызының ерлігі мен өнегесі күні бүгінге дейін халықтар достығы мен бауырластық айғағындай болып ел жадында қалды.
2-мәтін
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты.Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды . Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Ол ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – ... болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді.Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.
3-мәтін Денсаулық-адамның басты байлығы. Денсаулықты күтіп, ауырған кезде уақытында дәрігерге қаралған жөн. Уақытылы тамақ ішіп, тазалықты сақтап, дәрігер кеңесін алып отыру қажет.
Қыста адамдар жиі тұмауратады. Тұмаудың белгілері: адамның басы ауырады, қатты жөтеледі және дене қызуы көтеріледі. Тұмаумен ауырған адамдар уақытында ауруханаға бару керек. Қыста адамдар тұмаумен көп ауырса, көктемде адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады.
Сол үшін денсаулықты сақтау қажет. Денсаулығын сақтаған адам ұзақ жасайды. Шылым шегу, спиртті ішімдікті, есірткіні пайдалану- денсаулыққа зиян. Мұндай ден- саулыққа зиянды заттардан аулақ болған жөн. Таза ауада жүру, саябақта серуендеу, уақытылы тамақ ішу-денсаулыққа пайдалы.