1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет21/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
38-мәтін
Отбасы –әр адамның ұясы. Адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, отбасының қамқорында болады.
Мемлекет отбасынан құралады. Сондықтан отбасында балаға берілетін тәрбиенің орны ерекше. Себебі ұлттық салт-дәстүрлер, Отанға деген патриоттық сезім, жақсы қасиеттер отбасында қалыптасады. Отбасында жақсы тәрбие алған бала, болашақта еліміздің жақсы азаматы болады. Бала ата-әжесінің, әке-шешесінің тәрбиесін көріп өседі. Бала жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады.
... – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының маңыздылығын көрсету үшін, 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. 2013 жылы қыркүйек айының екінші жексенбісі «отбасы күні» болып жарияланды.

Ұя – гнездо
Ең алғаш – впервые
Дүниеге келген сәтінен бастап – с того момента, как появился на свет
Мемлекет – государство
Берілетін тәрбие – воспитание, которое дается
Ерекше – особенное
Отанға деген – к Родине
Сезім – чувство
Қасиеттер – свойства
Қалыптасады – формируется
Болашақта – в будущем
Азаматы – гражданин
Тәрбиесін көріп өседі – будет воспитываться, будет видеть их пример
Тірегі – опора
Тірегі ғана емес – не только опора
Басты негізі – основа (главная основа)
Маңыздылығын көрсету үшін – для того, чтобы показать важность
Жарияланды – было объявлено


39- мәтін
Шымкент көне кездерден бері ғалымдар мен саяхатшылардың басты назарында. Ол Оңтүстік Қазақстан Облысының облыстық орталығы және барлық туристік маршруттары сол аймақтың территориясынан басталады.Туристік қызмет көрсетуді қалада 20-дан астам арнайы орындар мен фирмалар айналысады. Маршруттар мынадай бағыттар бойынша қызмет етеді, ол: тарихи орындарға саяхат, экзотикалық аудандарға саяхат, аңшылық және балық аулау, тау туризмі болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда қасиетті орындар мен архитектуралы құрылымдар орналасқан.
Тарихи және киелі орындарға саяхат ету үшін Түркістан қаласында – ЮНЕСКО-ның тізіміне ілінген түрік халықтарының рухани орталығы, бұрыңғы заман цивилизациясының көріністері ретінде әлемге әйгілі тас ескерткіштері, көне Сайрамның ескерткіштері, Шымкент қаласының құрылуына үлкен үлес қосқан Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласы, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелері орналасқан.
Оңтүстік Қазақстан мен Тянь-Шань таулары арасындағы территориясында орналасқан Қызылқұм бір күн ішінде ыстық құмнан мұз қапталған тауға жетуге мүмкіншілік береді. Осыдан келіп бір облыстағы түрлі табиғи-климаттық ерекшеліктер: таулы, жазықтық далалы, құмды алқаптар өздеріне тән жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне толы.

Көне кездерден бері – с древних времен
Ғалымдар – ученые
Саяхатшылар - путешественники
Басты назарында – в центре внимания
Орталығы – центр
Сол аймақтың территориясынан басталады – начинается с территории того региона
Қызмет көрсетуді – оказывание услуг
20-дан астам – больше двадцати
Арнайы орындар – специальные места
Айналысады – занимаются
Мынандай бағыттар бойынша – по таким направлениям
Тарихи орындарға- на исторические места/ по историческим местам
Аңшылық – охота
Балық аулау – рыбалка
Болып табылады – является
Қасиетті орындар – святые места
Құрылымдар – сооружения
Орналасқан – расположен
Киелі – святые
Саяхат ету үшін – чтобы путешествовать
Тізіміне ілінген – вошедшие в список
Түрік халықтарының рухани ескерткіштері – духовные амятники тюркских народов
Үлкен үлес қосқан – внес большой вклад
Ұлы Жібек жолы – Великий Шёлковый путь
Сауда-саттық-торговля
Қолөнершілердің ордасы – дворец ремесленников
Кесене-мавзолей
Арасындағы – между ними
Бір күн ішінде – за один день
Ыстық құм – горячий песок
Мұз қапталған тауға – до горы , покрытой льдом
Мүмкіншілік береді – дает возможность
Осыдан келіп – исходя из этого
Түрлі – разный
Ерекшеліктер – особенности
Таулы – горный
Жазықтық далалы – равнинное поле/степь
Құмды алқаптар – песчаные поля
Өздеріне тән – себе свойственные
Толы - полон



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет