14-мәтін
Үш аңшы аңға шығыпты. Күні бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, 1....... біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі 2.... жесін,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.
Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақбоз атқа мініппін, басыма алтын тәж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта хор қыздарымен бірге жүр екенмін,- депті екінші аңшы.
3..... қу аңшы айтыпты: - Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.
Аңшы-охотник
Аңға шығыпты – вышли на охоту
Күні бойы-целый день
Құс аулап – ловить птиц
Кешке –вечером
Жалғыз – единственный
Үйрек – утка
Өзен – река
Түнейді-ночует
Пісіреді – приготовили
Піскен соң – после того,как приготовился
Үшеуіміз – мы трое, втроем, все трое
Біреуіміз ғана – только один из нас
Жейік – съедим
Жауып қояйық – закроем
Жатып ұйықтайық – поспим
Түн ортасында – ночью, посреди ночи
Қу – хитрый
Жеп – съев
Бұрынғыша – как прежде
Жауып қояды – закрыл
Таңертең – утром
Оянып – проснувшись
Тұрған соң- после того, как проснулись
Түс – сон
Ақбоз ат – белый конь
Мініппін – ехал на лошади
Алтын тәж – золотая корона
Жұмақ – рай
Хор қыздары – гурии, красавицы неземной красоты
Бірге – вместе
Рас айтасыңдар – рассказываете правду
Қайтып келмес – скорее всего не вернутся
Жеп қойдым – я сам съел
15-мәтін
Ат суарып жатқанымда ғана үйректің қаңқ еткен дауысы шықты. Жалт қарасам, есік пен төрдей жерде балдырлы қарақоғаның арасында құйтақандай балапандарын ертіп, қоңыр үйрек жүзіп жүр екен. - Көке, көке! Қоңыр үйректі қара, балапандарын шығарыпты. Тез келші, көрші! – деп айғай салдым. Біз үйректің балапандарын едәуір тамашаладық. Көкем басымнан сипап тұрып:
- Анада сен жұмыртқаларын алсаң ғой, мына балапандар шықпаған болар еді. Көрдің бе, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндік атаулының бәрі тіршілік үшін күреседі. Сен оларға жәрдемші, пана бола біл, балам, - деді үйрек жаққа қарап.
Суарып жатқанымда – когда давал воду
Қаңқ еткен (еліктеуіш сөз)- резкий гогот гуся
Жалт қарасам – резко повернулся
Есік пен төрдей жер (фразеологизм) – на близком расстоянии
Балдыр-водоросли
Балдырлы – покрытый водорослями
Қарақоға – чёрный камыш
Құйтақандай (диалект) – маленький
Жүзіп жүр – плывут, плавают
Тез-быстро
Үйрек-утка
Айғай салдым – закричал
Едәуір-достаточно долго
Тамашаладық (тамашалау-любоваться, наблюдать) – наблюдала
Көке-дядя
Сипау – гладить
Анада – в тот раз
Жан-жануар – животные
Құрт-құмырсқа – насекомые
Жәндік – насекомые
Тіршілік –жизнь
Күреседі – борятся
Жәрдемші – помощник
Пана – опора,защита,тыл
|