4.Қазіргі қазақ өнері
Қазақ –өнерлі халық. Ежелгі кезден-ақ қазақ даласында ән, би, өлең, айтыспен қатар сәулет, зергерлік және спорт өнерлері де мықтап дамыған. Олар нәрестенің өмірге келуімен, жас жұбайлардың үйленуімен, құда түсу, діни мерекелерімен( ораза айт, құрбан айт) және Наурыз мейрамын қарсы алу салтанаттарымен байланысты әр түрлі мазмұнда өткізіліп отырған.
Соңғы жылдарда Қазақстанда драма, көркемсурет және кино өнерлері де дами түсті. Мысалы: Қазақ мемлекеттік Абай атындағы Опера және балет театры- өзінің кәсіби шеберлігі жағынан дүние жүзіне әйгілі болған театр. Оның іргетасын қалап, қазақ операсының қалыптасуына көп еңбек сіңірген қайраткерлер: Күләш Бәйсейітова, Қанабек Бәйсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Әнуарбек Үмбетбаев, Роза Жаманова, Кәукен Кенжетаев. Олар- еліміздің халық әртістері.
Қазіргі кездегі опера өнерпаздарынан Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішевтердің өнері мен таланты халық арасында көптен танымал.
Сурет өнері- бейнелеу өнерінің ең көне саласы. Қазақ сурет өнерінің майталмандары Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Гүлфайруз Исмаилова, Айша Ғалымбаеваларды көптеген елдер біледі.
Әдебиет саласында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, Мұқағали Мақатаевтің поэзиясы, Ғабит Мүсіреповтің драмасы, тағы басқа ақын- жазушылар шығармаларын жұрт сүйсініп оқиды, өйткені өнер- адамзат тарихының жылнамасы. (172 сөз)
5. Адам және табиғат
Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала - барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да досы. Санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.
Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету – әрбір адамның қажетті борышы. Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.
(175сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |