4-мәтін Тау басындағы биік жартаста бір ешкі жайылып жүреді. Азық іздеп тастың түбіне келген аш қасқыр оны көріп қалып былай дейді:- Әй, ешеке, тақыр тастың басында неғып жүрсің? Онан да бері түссеңші, мұнда тәтті шөп көп екен.Қасқырдың сөзін тыңдап алды да, ешкі оған:
- Рақмет, қасеке. Сол шөптің бәрін өзің же, қалғанын ертең азық қыларсың. Маған осындағы да жетеді,- дейді.
5-мәтін Халықта «тіл тиеді», «көз тиеді», «көзі тиді» деген ұғымдар бар. Жас сәбиге кереметтей сүйсінсе, таңданып-таңырқаса, бала ауырып-сырқап қалады. Көзі тиетін адамдар да болады, сондықтан оларды «көзі бар» дейді. Өсіп келе жатқан әдемі, ақылды, өнерлі балаға, тіпті үлкенге де сүйсінгенде, тілеулестері:- Несін айтасың, жақсы бала ғой, тіл-аузым-тасқа,- дейді. Яғни, тіліміз, көзіміз тасқа тисін деген мағынаны білдіреді.
6-мәтін Кішкентай құмырсқалар бір-біріне мұрттарын тигізіп амандаса бастады. Бұл оларға сондай қызық көрінді.- Ал енді тізіліп, сап құрып тұра қалыңдар. Біз балабақшаға барамыз. Ол жерде ойнайсыңдар. Қалай өмір сүру керегін үйренесіңдер. Құмырсқалар ілімімен танысасыңдар,-деп тәрбиеші кішкентай құмырсқаларды қараңғы дәлізбен ертіп жүрді. Балабақшада оларды күтушілері қуанышпен қарсы алды. Тәтті, дәмді ас беріп тамақтандырды. Тамақтанған бала құмырсқалар: «Қандай дәмді? Тағы да бар ма?» - деді жамырап. Сонда тәрбиешілердің біреуі: -Әрине. Тек енді әркім өз қорегін өзі жинайды, - деді.
7-мәтін Бір адам жылына кем дегенде 750 литр су ішеді екен. Сол себепті оның ағзасының 70 пайызы судан тұрады. Су - денеміздің басты қорегі. Адам ауруының 80 пайызы судан екенін біреу білсе, біреу білмейді. Ендеше таза су ішу, суымыздың таза болуы – бірінші орындағы мәселе. Біз ішіп жүрген ауыз суды таза деп айта алмаймыз. Краннан аққан судың құрамында денсаулыққа зиянды неше түрлі қосындылар бар. Олардың бәрі қосымша тазартуды қажет етеді. Ал оны немен тазартамыз? Суды мың да бір ауру - сырқатқа ем болатын шунгит тасымен тазартуға болады. Шунгит тасы суды ғана тазартып қоймайды, ол адам ағзасын да тазартып, денеге қажетті элементтердің жанданып, қайта жетілуіне жол ашады. Яғни шунгит тасы адам ағзасын ионмен қамтамасыз етеді де, қуат көздерін ашып, науқастан айығуға тікелей әсер етеді.
9-мәтін Әлемде талай қызық бар. Рас, жұртты таңғалдырар жайлар жетерлік. Бәз біреулер елдің есінде қалу үшін бас шайқатар әрекеттерге барып жатса, енді біреулері «атың шықпаса, жер өртенің» керін киіп, жұртқа мәлім болады. Қалай айтқанда, Гиннестің «Рекордтар кітабына» тіркеліп жатқандар жетерлік. Бұл соның бірсыпырасы ғана.
Еуропадағы егде тартқан адамдардың ең көбі –Швецияда. Әлемнің дамыған елдері арасында жұмыс істейтін аналардың да басым бөлігі осы елде және бұл елдегі студенттің орташа жасы Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш. Швецияда 300 000-нан астам адам Карлсон фамилиясына ие.
Швейцарияның қымбат қонақ үйінде жоғары категориялы аспаз ет турағышпен жұмыс істеп жатып жауапсыздықтың салдарынан бір саусағын кесіп алады. Сөйтіп, ол сақтандыру компаниясына арызданады. Бұл жайтты тексеруге компания бір қызметкерін жібереді. Ет турағышқа саусағын тығып көрмек болған қызметкер де саусағынан айырылады. Осы оқиғадан кейін барып қана сақтандыру компаниясы қызметкердің өтінішін қанағаттандырады.
Ең кішкентай ит таиландтық Чаи Ханчанакомның үйінде көрінеді. Оның бойы - 11,94 сантиметр, салмағы - 481 грамм екен. Ал әлемдегі ең ірі иттің аты - Геркулес. Оның салмағы - 175,35 келі, мойнының жуандығы - 95 сантиметр. Геркулес тәулігіне бір жарым келі құрғақ тамақ пен біркелі котлет жейтін көрінеді. Ең ұзын ит Шимгрет Данзастың бойы - 105,4 сантиметр, салмағы - 108 келі.