Адам денесінде қанша су бар? Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар - «шөл кемесі» атанған түйе. Ол сусыз сегіз тәулік қана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады. 70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады. Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің 34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.
1-мәтін Көктем еді. Сабақ аяқталды да, мен далаға жүгіріп шықтым. Ауладағы орындықта мені Әсел мен Алма күтіп отыр. Мен оларды көргеніме қатты қуанып, шаттана күліп жібердім.
Біз үшеуіміз қала көшесімен келе жатырмыз. Көктемнің ашық аспаны, жанға жайлы самал желі рахатқа бөлейді. Айнала әсем де көңілді еді. Балалардың сыңғырлаған күлкісін, үлкендердің көңілді дауыстарын есту қандай тамаша!
Кешке үйге қайтып келе жатқанда ерекше бір хош иісті сезіндім. 1......., дүңгіршекте сатылып жатқан гүлдердің иісі екен. Мен мамама гүл сатып алдым. Мамамның қуанышты жүзін елестеткенде, өзімді бақытты санадым. Иә, бақыт деген достарыңды 2........ анаңды қуанышқа бөлеу екен ғой! Мен осыны түсіндім.
«Бала би» журналы
3-мәтін Су асты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін ........ әрқашан көмекке келетін. Бұғаздан аман-есен өткен теңізшілер қуаныштан дельфинге қолдарын бұлғап: «Алақай!» деп шуласып жататын. Бұл жолы бұғазда «Пингвин» атты кеме пайда болды. Әдеттегідей, дельфин көмекке асықты. ........ бір жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып, мылтықтан оқ атты. Сөйтіп, ол дельфинді жаралады. «Пингвин» атты кеме бұғазда жартасқа соғылып апатқа ұшырады. Міне, бақытсыздық деген.
4-мәтін Әлемдегі ең жас миллиардердің бірі - Марк Цукерберг. 2004 жылы Fasebook әлеуметтік желісін ойлап тапқанда небәрі 19-да еді. Осы жылғы Forbes журналы берген мәліметке қарағанда, Марктың қаржысы өткен жылғымен салыстырғанда екі жарым есе өсіп, 13,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.
1977 ж. туған Чад Херли де You Tube сайтын ашып, ең бай адамдардың қатарына қосылды.
Жапондық Йошиказу Танака да замандастарынан қалысар емес. 28 жасында Gree-әлеуметтік желісін жасап, 1 ....... жеке есепшотына 2,5 миллиард АҚШ долларын түсіріп үлгерді.
Қоғам дамуының дәл бүгінгідей ақпараттық кезеңінде техника тілін терең меңгеруге мүмкіндік мол. Оған қоса жан-жақты білімге мықтап ден қойған кез келген өрен алаңсыз болашағын өз қолымен жасай алады. Ол үшін, 2..... , әр ұлан өз алдына биік мақсат қоя білуі керек. Сол жолда үздіксіз ізденуі, аянбай маңдай тер төгуі тиіс. Қандай еңбек те сөзсіз жемісін береді.
Сондай қазақстандық ұшқыр ойлы математиктердің бірі - Данияр Кәменов. Ол 14 жасында австриялық математик Вальтер Яноустың теңсіздік теоремасын дәлелдеген. Ол - қазіргі күні Америка Құрама Штаттарындағы атақты компанияның жетекші-маманы.