1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты


-мәтін Уақыт – ай,Халің қалай? Қоя тұршы арындамай! Онсыз да аппақ баспай, Жүресің дамылдамай. 10-мәтін



бет84/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
8-мәтін
Уақыт – ай,Халің қалай?
Қоя тұршы арындамай!
Онсыз да аппақ баспай,
Жүресің дамылдамай.
10-мәтін
Әжем бау-бақшада гүл,жеміс-жидек,көкөніс,тағы басқа неше түрлі нәрселерді еккенді жақсы көретін. «Бірде әжем маған: Қызым, мынаның бәрін егіп, күту үшін маған көмекші керек.
..... бұл кішкентай жер сенікі болады»,-деді. Мен қуана-қуана келістім.Көргенімнің бәрін бұлжытпай істедім.Жерді қопсыттым, дән ектім.Бәрі өте қызық болды.Уақыт өтіп жатты.Қылтиып жас өскіндер шықты. Әжем әр жапыраққа,әр өскінге қуанатын. Олармен сөйлесетін, тіпті ән де айтып беретін. Уақыт өте өз жерімде жұмыс істегеннен жалыға бастадым. Себебі жиі суарып, арам шөптерін отап отыру керек еді. Ал,көшеде мені достарым, неше түрлі қызық ойындар тосып тұрды. Сондықтан жұмысқа жиі өкпелейтінді шығардым. Мұнымды әжем бақылап жүреді екен...
Е.Круглова. Ә.Рысбаев. «Ана сыйлығы»


1-мәтін
Полярлық станциялардың маңында көп пингвин өмір сүреді. Олар төбелерінен ұшып өтетін тікұшақтарға (вертолет) қызыға қарайды. Тікұшақтарға қараймыз деп шалқасынан құлап жатады екен. Пингвиндердің денелері қолапайсыз. Сондықтан шалқалай құлаған пингвиндер өз беттерінше аунап, тұра алмайды екен.
Әрбір тікұшақ ұшқан сайын оларға көмекке арнайы маман келеді. Әйтпесе, байғұстар жатқаннан тұрмай кетуі әбден мүмкін. Бұл мамандық пингвин аударушы деп аталады екен.
2-мәтін
Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлттар қаптады. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әр түрлі: сары, қызыл, жасыл. Олар жерге жайылған кілемге ұқсайды. Құстар топ-топ болып, жылы жаққа ұшты. Балалар да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше. Егін даласында – қайнаған қызу еңбек. Комбайн мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.
3-мәтін
Қазақстанның жері кең-байтақ. Табиғаты алуан түрлі. Мұнда асқар тау да, өзен де, көл де бар. Қазақстанда ірі қалалар көп. Қазақстан – өте бай өлке. Қарағанды көмір береді. ... «қара алтын» дейді. Оңтүстікте мақта өседі. Оны «ақ алтын» дейді. Қазақстанда көмір, мұнай, қорғасын, мыс пен темір, тағы басқа кен байлықтары көп. Қазақстан – астыққа бай өлке. Мұнда қой, жылқы, сиыр және түйе өсіреді.
4-мәтін
Ауылдың шетi. Қарлы төбешiкке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бiрнеше бала сырғанақ теуiп жүр. Олардың iшiнде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуi бiр шанаға отырып, төбеден төмен зымырайды. Беттерi қызара бөртiп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан төбе ..... шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелдi. Алысқа барып бiрақ, тоқтады.
– Ақан, сен барып шананы алып кел, – дедi iнiсiне Асан.
– Мен бармаймын. Шанаға ие бола алмаған өзiң, сен бар, – дедi Ақан.
– Жоқ, сен барасың. Сен менен кiшiсiң, – дедi Асан.
– Бармаймын. Үлкенмiн деп, жұмсай бересiң, шананы да үнемi мен сүйреймiн.
Сөзi етпеген Асан ашуланып төменге түстi. Шананы жетектеген бойы төбеге емес, үйiне қарай бет алды. Ақан не iстерiн бiлмей, төбе басында тұр. Тiл табыса алмаған Ахметовтердiң ойыны осылай аяқталмай қалды.
5-мәтін
Қыс түсті. Жерді қалың қар жапты. Шешем маған тон мен құлақшын сатып әперді. Ал етігім ескі болғанмен, жылы. Әжем Дәурен екеуімізге жылы қолғап тоқыды. Әминаға дүкеннен жаңа қызыл пальто, ақ пима сатып әкелді. Біз інім екеуміз мектепке барамыз, ал Әмина «Бөбек» балабақшасына барады.
7-мәтін
Біз анам екеуміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Анам алдын ала бару және қайту билеттерін сатып алды. Поезбен Астана қаласына да жеттік. Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттар көбейіп келеді. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын.
9-мәтін
Қытай елінде осы биді 13 мыңнан астам адам бір мезгілде билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізгені əлемге аян. «Қара жорға» биінің тарихын кейбір зерттеушілер 7 ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Биге дейін ел арасында «Қара жорға» күйі тараған екен.Бұл бір жағынан биді насихаттау болса, бір жағынан дене шынықтыру жаттығуы. Бүкіл мектеп, мекемелерде «Қара жорға» биін əр адам билесе, нұр үстіне нұр болар еді.
Мәтін
Мұрат сабақ бітісімен үйге келді. Оны апасы дүкенге алма сатып әкелуге жұмсады. Кезекте кісі көп екен. - Балақай, сенен кейін ешкім тұрмасын. Алма аз қалды ,- деп дауыстады сатушы. Сатушы Мұратқа соңғы алмаларды тартып беріп жатқанда арт жақтан:
- Қап! Мына алмаға жете алмағаным -ай! Немерем ауруханада жатыр еді. Соған апарайын деп едім. Қарағым, маған да үш- төртеуін қалдыршы! - деген кәрі әжейдің даусын естіді.
- Апай, алма бітті,- деді сатушы. Әжейге жаны ашып кеткен Мұрат:
- Әжей, онда мына алманы сіз алыңыз, -деп күлімсіреп, алманы ұсынды. Қатты қуанған әжей:
- Рахмет, қарағым! Бақытты бол! -деп жүріп кетті. Мұрат мұндай алғыс алғанына қатты қуанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет