1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет83/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

5- мәтін
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден озар алдында қасына ұлын шақырып алып:

  • Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан, - депті.

Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.

  • Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – ... . Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік.Тілден қымбат қазына жоқ, - деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін тауып беріпті.

6- мәтін
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім білсін?» деп зарлайды екен.
Күндердің күнінде баланың қожасыүш аргымақ әкеліп балаға сынатыпты.
– Бала, мына арғымақтардың қайсы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:
Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп аман-есен еліне жетіпті.
7- мәтін
Әлемдегі мемлекеттің рәміздеріне қарап отырсаңыз, қызыл түсті туларды жиі кездестіресіз. Ақ, көк, сары, қара, жасыл түстер де бар. Әр түрлі түстердің мағыналары бар.
Қызыл түс – өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті білдіреді. Ол бостандық пен тәуелсіздік жолын бейнелейді.
Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбітшілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс. Ананы кейіптейді, бейнелейді.
Көк түс – аспан мен теңіздің түсі, биіктік пен тереңдікті бейнелейді, сондай-ақ тұрақтылық, әділдік, ерлікті білдіреді. Көк түстің саяси мәні – азаматтық бірлік, ынтымақ.
Сары түс – Күн түсі, даңқты, тәңірлік билікті, сенімді , тұрақтылықты, бірлік, тұтастықты білдіреді. Бұл өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді.
(«Түрік тілдес мемлекеттердің рәміздері» кітабынан)


3-мәтін
- Дархан, жолдамаңыз құтты болсын!
- Рахмет. Барлығы бапкерлеріміздің арқасы ғой. Жарысқа дейінгі дайындығымыз өте жақсы өтті. Өзіме де сенімді болдым. Сенім бар жерде нәтиже болады. Жарысқа шыққанда да еш қобалжу деген болған жоқ. Өзімді еркін сезіндім. Бір жағы өз елімізде өтіп жатыр. Жанкүйерлеріміз де жақсы қолдады, ...... тек жеңіс үшін күрестім.
- Қарсыластарыңыздың ішінде кайсысы ең мықты болды?
- Қарсыластарымның әлсізі болған жоқ, барлығы мықты болды. Барлығы да Олимпиада ойындарынан үміткер балуандар. Әркімнің көкейіндегі жалғыз мақсат – Лондонға жолдама алу.
- Сіз, талай бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан азаматсыз. Жалпы осы бәсеке туралы тоқтала кетсеңіз? - Жалпы жарыс өте жоғары деңгейде өтті.Өзіме жолдама берілгенімен, жерлестерімнің тоғыз жолдаманың төртеуін ала алмай қалғанына кішкене көңілім толмады. Бірақ алда Әлем кубогы бар. Жолдама ала алмай қалған әріптестеріме жігерлерің мұқалмасын дегім келеді.
- Әңгімеңізге рахмет!
5-мәтін
Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді.
Жобаның мақсаты – жастар атынан Отанымызға Тәуелсіздік күніне арналған сый тарту.Келешекте дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды әлемдік қауымдастық алдында ерекше әдіспен – «Гиннестің рекордтар кітабы» арқылы таныта түсу.
Тағамның құрамдары алдын ала өлшеніп, аспазшылар оны диаметрі 4 метрлік тостаққа салып, содан соң жұртқа ұсынбақшы. Арнайы пісірілген қамыр үстіне піскен жылқы еті туралады. Туралған пияз бен аскөк үстіне құйылған ыстық сорпасымен ұсынылған қазақша етке астаналықтар мен қала қонақтары риза болмасына күмән жоқ. Сол күні балбырап піскен еттен мыңнан астам адам дәм татып, жаппай «Қара жорға» биін билеуге де мүмкіндігі бар.
7-мәтін
1910 жылы қазақ палуаны Қажымұқан Мәскеу мен Петербургте атақты палуандар Петр Янковский және Лурихпен күресіп, екеуін де жеңеді. Сол жылы ол басқа да палуандармен бірге Солтүстік Америкаға сапар шегіп, осы жолғы сайыстарда барлық қарсыластарын тізе бүктіреді. 1911 жылы Варшавада ол алтын медальды жеңіп алады. 1913 жылы Троицкіде 18 палуанмен күресіп, бәрінің де жауырынын жер иіскеткен болатын. Өзінің спорттық өмірінде Қажымұқан Париж, Лондон, Берлин, Варшава; Будапешт, Стокгольм қалаларында болып, барлық қарсыластарын жеңіп отырған. 1909-1911 жылдары шығыс елдеріне жасаған атақты .................. кезінде түрік жанкүйерлері оған қажы деген атақ береді.



1-мәтін
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол,сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.
Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындатты. Осы «Coco-colaмен» көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шығады.
«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті.
___________, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет