1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет85/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
11-мәтін
Қанат терезе алдында отыр. Көшеде ойнап жүрген балаларға жуағаңдай қарайды. Далаға жүгіре шыққысы келеді. Бірақ есік алдында басы кайқаңдап ата қаз тұр. Осы бір ата қаз қызыл көз пәле болды. ..... Болат та, Жанат та, тіпті Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады. Міне, бүгін тағы да, үйге кіргізбей тұр. Ысылдап, мойынын созып ұмтылып келді. Қанат бойындағы бар күшін жинап алды. Қарнын тістей берген қаздың қылша мойына жабыса кетті. Қыса түсті. Буынған ата қаз жан дәрмен болды. Ол бұраңдап, әлсірейін деді. Есін жиған Қанат жібере салды. Мойыны босаған қаз балапанына қарай қаша жөнелді. Енді Қанатқа тиіспеді.
Жексеннің желімі
Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан-жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға да күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.
Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ...
Бір кезде мұғалима апай қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен оның партасының отырғышына желім төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.
- Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.
- Жасаған жоқпын, - деді бұл.
- Апай, оның желімі де, қайшысы да жоқ, - деді Зағипа.
- Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. – Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.
Жексеннің жүрегі су етті. Әйтсе де амал жоқ, сездірмеуге тырысты. Отырды...
Сабақ бітті. Оқушылар у-шу болып, сыртқа шықты.
Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады. Шалбары отырғышқа жабысып қалыпты.(171 сөз)


2-мәтін
Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көрдің бе, не істеп жүр?
- Көрдім, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
- Көрдім, аузында нанның қиқымы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қарашы, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Көрдің бе, балам, ол кішкентай жәндіктердің бәрі еңбек етіп жүр. Өрмекші өзіне азық ету үшін маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ іздеп, нанның қиқымын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя істеу үшін шөп жиып жүр. Байқадың ба, балам жұмыссыз жүрген ешкім жоқ. Сен де осылардан үлгі ал, жұмыс істеуді үйрен» - деді.
(Ы.Алтынсарин, 100 сөз)

Сары уыз
Уыз деген не, білесің бе? Ол – жаңа туған малдың: сиыр, қой, ешкі, түйенің алғашқы сүті. Ол өте қою әрі тәтті болады. Кейде уыз көженің дәмін келтіру үшін тары мен шекер де араластырады. Сиырдың уызынан уыз көже жасап, бүкіл көрші-қолаңды шақырады. Уыз көже ішкен жұрт «ақ көбейсін» деп бата береді. Малдың төлдері уызға әбден тоюы керек. Уызына тоймаған төл жүдеу болып келеді. Сондықтан да үлкендер мал төлін әбден емізіп, уызына тойдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет