1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет87/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
5-мәтін
Мұз сұп-суық. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден жан жылулығын күтіп ұзақ тұрды. Ол үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп кетуге бар еді. Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тірліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен күлімдеді. - Неткен сұлу! – деді Күн.
- Сен де, - деді Мұз. Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты.
1-мәтін
3 жасар ұлым Әмин - гипербелсенді бала. Интернеттен белгілерін қарадым, бәрі бар. Тез және түсініксіз сөйлейді. Бір орында отырмайды, жүгіреді, секіреді, айқай - шуы көп. Бастаған ісін аяқтамайды. Тұрақты емес. Мұндай балаларда СДВГ (Синдром дефицита внимания и гиперактивности) проблемасы бар. Далада бұнымен ешкім ойнағысы келмейді, бәрі қашады. Интернеттен қарадым, мұндай балаларды құмда ойнату керек екен, құмда сурет салығызып дегендей және балшықпен мүсіндер салғызып. Сондай-ақ гимнастика сияқты спорт түрлерімен айналыстыру керек. ........ бойындағы энергиясын шығарып тұру керек. Қазір күн салқындап келеді, далада көп ойнай алмайды. Бір спорт түріне бергім келеді. 3 жастан бастап қандай секцияларға қабылдайды және қандай спорт түріне берген дұрыс? Жекпе-жек түрлеріне ме, .......... командалық спорт түрлеріне ме?


Мәтін
Елбасының 2003 жылғы 15 қарашада жарық көрген Жарлығына сәйкес, әрбір жылғы тамыздың үшінші жексенбісі біздің елімізде Спорт күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мереке биылғы жылы 18 тамызға тура келіп отыр. Біз осы айтулы күннің қарсаңында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановпен сөйлескен едік.
- Ерлан Тоқтарханұлы, Қазақстанның абыройын аспанға көтерген Лондон Олимпиадасының тарих қойнауына енгеніне де талай уақыт болып қалды. Енді сол жеткен биікті ұстап тұрудың да оңай соқпайтыны анық. Ал, Қысқы Олимпиадалық ойындардан біздің күтеріміз қаншалықты қомақты болмақ.
- Ол Олимпиада спорттың шын мәнінде елдің еңсесі, мемлекеттің мерейі екенін танытып берді. Тура топшылап отырсыз, келесі сондай аламанда дәл сол деңгейдегі толағай табысты қайталауымыз енді қиынға соғады. ........ Қазақстан әзірге әлемдегі қысқы спорт түрлері барынша дамыған елдердің қатарына қосылып үлгерген жоқ.


3- мәтін
«Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл». Яғни біздің жүрек деп айтатын бір бөлшек етте болатын қуат туралы айтылған. Көңілдің жақсы болуы-жаман мінезден тазарып, жақсы мінез қалыптастыр дегенді білдіреді.
Адамға өз кемшілігін көруі қиын. Сондықтан сенімді досыңнан сұрап кемшіліктеріңді біле аласың.
Адамға дұшпандарының айтқан сөздері де, өз айыбын, кемшілігін білуге себеп болады. ....... дұшпан
4-мәтін
Халқымызда «азамат» деген сөз бар. Адамға берілетін бағаның үлкені сол...
Ойлап отырсаңыз, біздің бүкіл тарихымыз ата-бабаларымыздың азаматтық жолындағы тыныс-тіршілігінен құралатын сияқты. Мыңғырған малы бар адам да кейде бір жұттан кейін қолына қу таяғын ұстап қала беретін. Соны білгеннен де қамшының сабындай мына қысқа ғұмырда біздің бабаларымыз алдымен кісілікті, адамдықты, аршылдықты ойлапты, ұрпақтан-ұрпаққа ұлы ұран болатындай теңдесіз терең сөздер қалдырыпты.
Сонау Ұлы Түрік қағанатының ерлерінен кешегі қанды Желтоқсанда қарға алау жаққан жалын жүрек жастарымызға дейінгі аралықтағы мың-мыңдаған асылдардың бәрі де азамат болуды ойлаған. Ордабасы биігінде бар қазақтың басын қосып, тірі қалу үшін ірі болу керектігін ұрпақтан-ұрпаққа ұқтырып кеткен үш ұлы биіміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би де ең алдымен қазақтың бар баласының азаматтықты мұрат тұтуын армандаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет