1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет95/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
9. Жаңа жыл
Жаңа жыл!Тамаша ғой! Жаңа жыл алдында неше түрлі ойыншықпен безендірілген шыршаның қызыл- жасыл оттары жанады, балаларға сыйлығын алып, Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Жаңа Жылда шырша оттарын жағатын салт көне замандардан қалған. Оның өзі – Англия мен Германияның ескі тұрғындарында туған салт. Сол алыс дәуірде қысқы орманда жасыл шырша маңына жиналып, от тұтатып, ән салып, билеген, көңіл көтерген.
Жаңа Жыл барлық елде бірдей бірінші қаңтарда басталмайды.
Бір кезде ежелгі римдіктерде жылдың алғашқы айы наурыз саналған, себебі сол кезде егіс жұмыстары басталған.Жыл он айдан тұрған, кейін оған екі ай қосқан. Біздің заманымызға дейінгі қырық алты жылды Рим императоры Юлий Цезарь жыл басын бірінші қаңтарға ауыстырған.Оның атымен Юлиан күнтізбесі бүкіл Еуропаға тарады.
Бұрынғы кезде қазақтар кейбір халықтар сияқты, жыл басын наурыз айында , яғни көктемде тойлайтын болған,өйткені жана жыл халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген.
Бірінші Петр бұйрығынан соң 1700 жылы жаңа жыл қаңтардан басталды. Еуропамен жаңа кең қатынас жағдайында жыл басын бұлай өзгерту қолайлы еді.
Жаңа Жылды ысқырған жел мен ұйтқыған боран соғып тұратын қыс айында қарсы алу салты осылай енген. (170 сөз)
10. Дос табу
Адам бала кезден өзіне лайық, өзін түсінетін дос табуға ұмтылады. Кішкентай кезде еске алсаңыз, аулада ойнап жүргенде немесе мектеп қабырғасында жүргенде, міндетті түрде, көп балалардың ішінен тек бір-екеуі ғана сізге өте жақын болады.
Балалық шақ, бозбала-бойжеткен, жігіт шақ, ересек-егде тартқан шақтың бәрінде бір-біріне жалғасқан жолдастардың саны ұзын арқандай созыла береді. Олардың сізге жақын болуына әр түрлі жағдайлар, жеке бастың қасиеті әсер етеді.Қалай болса да, сол қоршаған достар арқылы адамның ой-өрісі дамып, сана-сезімі жетіліп, рухани байлыққа кенеледі.
Дос табу оңай емес, әсіресе мінезі ауыр, салмақты, жуас, момын адамдар үшін өте қиын. Олар суырылып бірден сізге, не іске араласып кете алмай, қорқақтап, кейде көп нәрседен ұтылып қалады.
Достасу үшін де үлкен шыдамдылық керек. Сондықтан сізді сыйласын десеңіз, өзіңіз де үлкен ілтипаттық көрсетіңіз.
Ал досты қалай таңдау керек? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Әр адам таза, шыншыл, сөзінде тұратын мейірімді дос іздейді. Достық – адам өміріндегі ең асыл қазына, оны бағалай және сақтай білу керек. Достармен ақылдасып атқарылған жұмыс маңызды болады. Достармен өткізген жеңіл де қызықты келеді.
(170 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет