2.Аңыз адамның атындағы мектеп
Боран ауылының өткені де, бүгінгісі де аңыз. Мектептің негізін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, 19 жасында үш мүшесінен айырылған Нұрғалиев өзі жалғыз қолымен қалаған.
Төсекте жатып орта дәрежелі білім алады. Орыс тілін осында жетік меңгеріп шығады. 50жылдардың басында ауылында халықты ұйымдастырып мектеп салады.
Мектеп одақтағы ең таңдаулы мектептердің біріне айналады. Алғашқы болып кабинеттік жүйе енгізілді. Шәкірттеріне кәсіптік білім беріп шығарды. Өзінің ішкі телерадио жүйесі болып, директор бүкіл мектепті сол арқылы көріп, сөйлесіп отырады екен.
Талант Нұрғалиев: «Әкем өте жігерлі, өзіне де, өзгеге де талап қойып, үнемі ізденіп жүретін өте қажырлы, қайратты адам еді», - дейді.
Өмірінің ең соңғы күніне дейін осылайша мектептің жағдайын ойлап кетті. Ауыр сырқатпен Министрлер Кеңесінің ауруханасына түскенде, мектепке компьютер сыныбын, «Ямаха» алу мәселесімен айналысып жатты. Өзін жерлеген күні сол жаңа жабдықтар тиеген машиналар келіп жетті. «Ұстаздың балаларына ең соңғы сыйлығын» ел еңіреп қарсы алды.
Қазір мектеп Нұрғали атында. Аулаға ұстаздың бюсті қойылған. Мұнда директордың қабылдау бөлмесі екеу. Нұрғалиевтің кабинеті өз қалпында сақталып, мұражайға айналған.
- Мен бір нәрсеге қиналған кезде жаңа істі бастар алдында осында келіп отырамын. Әкемнің рухымен оңаша тілдесіп, қуат аламын, - дейді Талант Нұрғалиев.(179 сөз)
3.Шығыс Қазақстан облысы
Бұрынғы Семей облысы 1997 жылғы мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан деп аталады. Шығыс Қазақстан облысы Қарағанды, Павлодар облыстарымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысында көп қалалар бар. Олар: Өскемен, Семей, Аякөз, Шар, Курчатов, Зайсан, Серебрянск, Риддер, Зыряновск.
Ертіс жағасындағы ежелгі қалалардың бірі-Семей.Бүгін ерекше сәнді де көрікті.Оның іргесі 1718жылы қаланған.
Мұнда әдемі жерлер бар: Марқакөл қорығы, Катонқарағай ауданы. Өскемен қаласы Алтай тауының жанында салынған. Ол Ертіс өзенінің екі жағында тұр.
Бұрын ол уезд орталығы болды, онда 609 жұмысшы істеген. Қалада үш сыныптық училище, екі мектеп болды. Сегіз мың адам болды, темір жолы жоқ қала еді.
Қазір Өскеменде титан-магний, қорғасын, басқа зауыттар, ағаш өңдейтін екі комбинат, екі кірпіш зауыты, киім фабрикасы бар.
Қазір көп зауыттар мен фабрикалар жеке меншік болды. 1953 жылы қалада су-электр станциясы салынды. Бүгін Өскемен – үлкен түсті металлургия орталығы. Қалада көптеген мектеп, мәдениет сарайы, кітапханалар, медицина мекемелері, унмверситет, жол-құрылыс институты, көптеген колледждер бар.
Қалада қызықты тарихи орындар бар. Мысалы: Павел Бажов атындағы мұражай бар. Бажов – атақты орыс жазушысы. Ол балаларға ертегі жазған. Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. (174 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |