6. Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдене өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да,маңайында өсіп тұрған гүлдерді де. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына да, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз Шөп басын қылқитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді.
- Сен жабырқама, сабыр ет! – деп жұбатты ол. – Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөп.Біз одан әлі-ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды.
Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де,әлгі арам шөпті жұлып тастады.
Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады, алайда көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.(170 сөз)
8.Мойыл
Көктем. Қар еріп,ағаштар бүршік жарып,жер бетіне көк шығып, төңірек құлпыра бастаған кез.Жәндіктер мен құрт- құмырысқаға да жан бітіп, олар да өз тіршіліктеріне кіріседі.
Ара ертемен тұрып, ызыңдап, шаршап жүріп, гүл шырынын тереді. Ол жолшыбай жылап отырған мойылды көрді . Аяп кетті.
Мойыл, күн шығар- шықпас неғып еңіреп отырсың?- деп сұрады.- Кім тиді саған?
- Балалар тиді,- деп, мойыл еңіреп қоя берді.
Олар саған не істеді? Жұп- жуас, әп- әдемі саған не деп тиіседі?
-Шешек атып, гүлдеп тұрған бір бұтағымды жаңа ғана сындырып алып кетті.
Оны не істемек?
Үйлеріне апарып, бірер күн қызықтап, лақтырып тастайды. Аяқ асты етеді.
Жылама, мен саған көмектесейін.
Қайтып көмектесесің, еріккен балаларға қалай тыйым салмақсың?
Омартамды сенің қасыңа салайын. Аралар сені қорғайды.
Оларыңның балаларға шамасы келе ме?
Келмегенде, біз ұйымшылмыз. Бәріміз бас салып, жан- жақтан таласақ, жанын қоярға жер таппас. «Бірлік бар жерде- тірлік» деген.
Олай болса, тезірек келіп қоныстаныңдар. Таяуда менің жемісім піседі. Ол кезде балалар жапырағымды жұлып, бұтағымды сындырып күн көрсетпейді,- деп мойыл көз жасын сүртіп, еңсесін көтерді.
Ара ызың- ызың етіп, қиырдағы туыстарына ұшып бара жатты.
(171 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |