1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет91/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

10-мәтін
Ғарыш кемелерін ұшыру жүйесінің екі түрі бар: көп сатылы зымырандар және көп рет қолданылатын кемелер – шатллдар. Американдық шатлл орбитаға экспедицияларын 1981 жылы бастады. Ол қатты отынды екі зымыран-жылдамдатқыштың көмегімен ұшырады. Олар екі минуттан кейін шатллдан бөлініп, қайта қолданыс үшін жерге кері құлайды. Сегіз жарым минуттан кейін негізгі отын бағы түсіп қалады да, шатлл орбитаға шығады. Шатлл оралғаннан кейін атмосфераға үйкелу салдарынан ашық қызыл түске еніп, жарқырайды. Ол жерге түсу үшін өз қанаттарын пайдалануды жоспарлайды.
11-мәтін
Су-сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су - тіршілік көзі, ол Жер шарының ¾ бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%, ал өсімдіктердің 90% судан тұрады. Мысалы, салмағы елу килограмдық жасөспірім ағзасында отыз екіден отыз бес литрге дейін су құрайды екен. Су ағзадағы түрлі артық заттарды тазартуға көмектеседі. Күннің ыстық кезінде де, терді басу үшін салқын су ішеміз. Ол күннің жарық сәулесінен қорғайды. Адам тамақсыз бір ай өмір сүре алса, сусыз 5-6-ақ күн өмір сүре алады екен.
12-мәтін
Мектеп өмірінде мұғалім – басты ...... . Ол ........ оқытып қана қоймайды, оқумен қатар тәрбиелейді. Мұғалім өзіне берілген сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысының ......., әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан ол – қиын да жауапты іс. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын: - ол сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.


1.Жалғыз қаз

Қазан айының соңғы күндерінің бірі болатын. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-ды. Күн кештете бастаған. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егінді бұлақ көлінің жағасына келдік. Табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.


- Әке, мынау құс не деп барады? Неге жалғыз қалған? – деп сұрады Қазтай.
- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.
- Әке, ол жылы жаққа кетіп бара жатқан басқа құстардың тобына неге қосылмайды?
- Қосылуы қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?
Осы сәт тырау-тырау-тыраулаған сән түзеп, салтанат құрып, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз «Мені де қосып алыңдар, адасып қалып едім», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, соңдарынан ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.
Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз: «Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып, қазды қуып жіберді.
- Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, - деп Қазтай құсты аяп кетті. (197 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет