Салалық бағыты:
Өнеркәсіптік
Ауылшаруашылық
Құрылыс
Сауда
Сурет 3. Кәсіпкерліктің салалары
Кәсіпкерлік іс дегеніміз- өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орнату сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын іс.
4.СҒЗЖ тапсырмасы: ҚР-дағы кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің дамуын осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп көсретілген.
Бірінші кезең-алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылғңа дейінгі аралық , бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.
Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік рынокты «Экономика-деген тұжырымдамалардың қала берді Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия» жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептәуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес» деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі., сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.
Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек қызметі» туралы («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады . Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына «жат әрекет» деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктерніне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарларм ен қызмтетерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарға кездесті, атап айтсақ бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады.
Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады. [16, 107 б]
Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерлік қызметтің дамуына жаңа көкжиектер мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық енжарлағына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскрелік түріне байланысты-өндірістік, қаржылық шаруашылық субьектілеріне байланысты ірі , орта және шағын меншікке байланысты мемлекеттік жеке ,ұжымдық, аралас, дара, ұйымдастырылуына байланысты жеке топтық, жеке-дара түрлерінде дамып отыр. Бір сөзбен айтқанда кәсіпкерлік экономикамыздың жаңа салаларын немесе әлеуметтік әлсіздігін қамти отырып өзінің қарқынын күшейтуде. Әрине, оның табысты дамуы еркін экономикалық іскерлік арқылы ғана болатындығы шет ел тәжірибесімен айқын.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қазіргі анықтамасының әртүрлі көзқарасы бар.
Көбінесе жалпыламасы – кәсіпкерлікті кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі (капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор ретінде қарастыру, онда ол өндірісті - өтімдік факторларының жаңа тиімді комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік – бұл қатерлі инновациялық іс-әрекетке негізделген шаруашылық жүйесі, оның мақсаты – кәсіпкерлік табыс көру және де қайта өндіру үрдісін, немесе оның жеке стадияларын (өндіру, тарату, алмасу және тұтыну) толық алып тұру болып табылады .
Кәсіпкерлік экономикалық феномен ретінде категориясынан тарлау, бірақ шаруашылық тәжірибесінде оларды жиі кездестіруге болады.Бірақ олар синонимдер де, теңдіктер емес, бірақ мағынасы жағынан жақын ұғымдар.
Бизнес кәсіпкерліктен гөрі кең мағынада, нарықтық экономикадағы барлық қатысушылар арасында болған қатынастарды алып кетеді, онда тек кәсіпкерлер ғана емес,сонымен бірге тұтынушылар, жалданбалы
жұмыскерлер, мемлекеттік құрылымдар қатынасады .
Кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекеті – бизнестің динамикалық, элементі, бастамалы, өзіндік іс-әрекеті бар, өз қаупіне қарай және кіріс алу мақсатында, өз мүліктік жауапкершілігіне қарай, азаматтарды өнім өндіру бойынша бірлестіре отырып, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету іс -әрекетіне арналған.
Кәсіпкерліктің іс-әрекетінің философиясы – ерікті индивидуализм, оның негізгі белгісі - өзіндік күшінің арқасында жеке өркендеуін қамтамасыз ету, бірақ бұл қоғам көзқарасына қарама- қайшы емес. Біреулердің өркендеу мүмкіндігі басқалардың әлсіздігіне тоқтату болмауы тиіс. Тек бай адам меценат, демеуші, мейірімді болуы қажет. Кәсіпкер өзіне пайда әкеле отыра, қоғам пайдасына да іс-әрекет етеді.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықты сапалы да жаңа тиімді типте жүргізу, оған прогрессивті әдіс – тәсілдер, нақты жеке меншіктің, өндіріс қожайынының жүргізу тәсілдері қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік, экономикалық категория, бизнес элементі, шаруашылық типі және өмір сүру дәрежесі ретінде бейнеледі .
Кәсіпкерлік – нарықтық шаруашылықтың бөлінбес белгісі, оның басты ерекшелігі – ерікті бәсеклестік . Кәсіпкерлік тарихы ежелден келе жатса да, оның қазіргі ұғымы капитализмнің орнығу және даму кезеңінде пайда болды, онда ерікті кәсіпкерлік өз өркендеуінің негізі мен басы болып табылады.
Кәсіпкерлік белсенділіктің мақсаты – нарыққа сұранысы бар және кәсіпкерлерге кіріс әкелетін тауарды өндіру. Пайда – бұл нарыққа тауарды өндіруде және шығаруда қабылдаған кәсіпкерлік шешімді жүзеге асыру нәтежесінде алынған ұтыстан табыстың көп болуы .
Бірақ пайданың болуы кәсіпкерлікке ғана тән емес, кез – келген басқа іскерлік белсенділік формасына тән. Бұл байланыста көңілді кәсіпкерлік пайда немесе кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық категорияға бөлу қажет. Инновациялық іс - әрекеттегі табыс , яғни өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуден кәсіпкерлік табыс құралады. Кәсіпкерлік табыс дегеніміз ең алдымен қосымша табыс, басқарудан , артықшылықтан пайда болған табыс , яғни кәсіпкердің табиғи немесе ерекше талдау іскерлігіне , сыртқы шарттарға байланысты өндіріс факторларын жаңаша комбинациялау .
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуының оңтүстік аймаққа тән сипаты анықталды. Сонымен бірге:
- бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға енгізілді;
- Қазақстанның Сырдария және Жетісу өңірлеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды;
- отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған 1861-1917 жылдардағы оңтүстік аймақтағы халыққа қызмет көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызметке байланысты кәсіпкерліктің тарихы зерттелінді;
- оңтүстік аймақ кәсіпкерлері мен үкімет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері анықталды;
- жергілікті кәсіпкерлікті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.
Қазақстанның экономикалық тарихы бойынша оқу және оқу құралдарын жазуда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар сабақтарын, экономика тарихы бойынша арнайы курс немесе арнайы семинарлар жүргізу барысында пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындауда зерттеу жұмысының жекелеген қорытындылары кеңінен қолданылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми семинарында және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің ғылыми семинарында талқыланды. Зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда сыннан өтті.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік, Ресейдің капиталистік қатынастарының енуі негізінде, отарлық сипатта қалыптасты;
- жергілікті өнеркәсіп кәсіпкерлігі кең түрде дами алмады. Оған пайдалы қазбалардың игерудің мардымсыздығы, өндіріс капиталы мен біліктіліктің жетіспеуі себеп болды.
- оңтүстік өлкеде басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда, неғұрлым жоғары пайданы қамтамасыз ететін - сауда кәсіпкерлігі белсенді дамыды. Өлкенің қолайлы табиғаты, аймақ территориясының географиялық жағынан қолайлы орналасуы, халықтың тығыздығы сауданың дамуына жағдай туғызды. Дегенмен, Ресей мен Орта Азияның сауда капиталы жоғары маңызға ие болып, ал ішкі нарық көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерімен ғана шектелді;
- оңтүстік өлкенің табиғи ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. Аталған саладағы кәсіпкерліктің дамуына, ең алдымен патша әкімшілігі мүдделі болып, оны нығайтуға қолдау білдірді. Дегенмен, бұл кәсіпкерлік тәуекелділікті қажет етті. Табиғи қолайсыздық туындаған жағдайда, кәсіпкер осы іске салған барлық қаржысынан айырылып қалуға мәжбүр болды. Сондықтан, аймақтың кәсіпкерлері сауда сияқты неғұрлым жеңіл салаларға көп көңіл бөлді;
- қарастырылып отырған кезеңде елдің оңтүстігінде халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет тұрғысынан сипатталды. Бұл саладағы кәсіпкерліктің дамуына қоныс аударушылар ықпалы етті. Ал, қазақтар оған кеш бейімделді, себебі дәстүрлі қазақ қоғамы үшін ақылы қызмет көрсету түсінігі бөтен болды;
- оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлердің этникалық және әлеуметтік құрылымы әр түрлілігімен ерекшеленді. Уақыт талабына сәйкес үкімет, халықтардың шығу тегі мен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етті. Дегенмен, қоныс аударушы орыс кәсіпкерлерінің жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда мүмкіндіктері басым тұрды. Қазақтардың кәсіпкерлікке бейімделуі баяу жүрді. Оған орыс және ортаазиялық кәсіпкерлердің бәсекелестігі, қазақтар арасындағы қалыптасқан көшпелі өмір салты әсер етті.
Қорытынды
Қорыта келгенде, маған бұл жұмыс өте ұнады. Себебі, бұл жұмысты орындай отырып, өзім кәсіпкерлік жайлы біршама мәліметтермен таныстым.
Кәсіпкер біздің сұранысымызда қанағаттандырады,біздің өмірімізді жақсартады. Біз кәсіпкерлерді құрметтеуіміз керек, өйткені олар біз қажет ететін күнделікті тауарларды өндіріп, бізге ұсынады, жұмыссыздарды жұмыспен қамтиді. Біздің елімізде кәсіпкерлік жақсы дамуда. Экономикамыздың тірегі кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін кәсіпкерлерді қолдап, олардың кәсібіне көбірек көңіл бөлу қажет.
Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнесті орны маңызды. Ендігі мәселе шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша Заңнамалық базаны нығайту болып табылады. Осы орайда: «Меншікті тіркеу», «Лицензиялау туралы», «Инвесторларды қорғау», «Салық салу» өлшемдері бойынша Заңдарды оңтайлы нәтижелерікөрініс болады.
Шағын және орта бизнес ел тұрақты тығыны, ондағы саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың орнықтылығының тірегі ретінде атап көрсетуге болады.
Мемлекеттік саясат кәсіпорын өзінің қызметінің тұрақты қаржылық құрылымын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беруге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің сыртқы ортасында жағымды жағдайларды жасау үшін қаржылық және банктік секторлардың дамуын ынталандыруы, нарықтық инфрақұрылымды, сақтандыру және қор нарығын қалыптастыруды жылдамдату керек. Бұдан басқа, кәсіпорындарды қолдау мақсатында амортизациялық және инвестициялық саясатты қамтитын реттеу әдістерін қайта қарауы қажет, бұл негізгі қорға қаражттарды салуға көмектеседі.
Қазақстанға шағын және орта кәсіпкерліктің пайдасы қандай?Біріншіден, кез келген мемлекетке шағын және орта кәсіпкерліктің ең үлкен пайдасы салық болып есептеледі. Ежелден мемлекеттердің экономикасын көтеріп отырған-салық.Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің көлеміне арналған үш салық түрі бар. Олар:
1. Бір шағын және орта кәсіпкерлікте бір ғана адам жұмыс жасаса, одан оның табысының 2%-тін салық алынады.
2. Егер жұмыс орнында 25 адамға дейін қызметкер жұмыс жасаса, ол компаниядан табысының 3%-ті мемлекетке беріледі.
3. Компанияда 25 адамнан көп қызметкер бар болса, ол компания өзінің пайдасынан
20% салық төлейді.
Екінші пайдасы, жұмыссыздар санын азайтуға өз септігін тигізеді.Үшінші, импортты азайтып, мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақстандықтар әл – ауқатының көтерілуі оның дамуымен тығыз байланысты. Статистика агенттігінің үстіміздегі жылғы мәлімет бойынша, қазіргі таңда елімізді 627779 белсенді компания мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шаруасын шалқытып жүргендер болып есептелінеді. Соның ішінде барлық субъектілердің 61,1 пайызын жеке кәсіпкерлер, 27,1 пайызын шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,4 пайызын шағын кәсіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Экономика және бизнес журналы №10
2. Сабден О. Кәсіпкерлік. Оқу құралы. Алматы, «Эксклюзив» ВҮ, 2012ж.
3. Елшібаев Р.К. Кәсіпкерлік. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2014 ж.
4. Абдуллаева Б.М., Шағын және орта бизнесті басқару. Алматы. 2016.
5.Абрютина М.С. Анализ финансово экономической деятельности предприятия.: Учеб. прак. пособие. — 2-е изд.испр. — М.: Изд. «Дело и сервис». 2013.- 265 с.
6.Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходной экономике (на примере Республики Казахстан). -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2012. — 141 с.
7.Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. -Алматы : Экономика, 2013. — 330 б.
8.Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2013.
9.Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория,процесс, практика. 10-басылым-Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018-480б.
10.Баймуханов, Байнеева Ф.Т., Альжанова А.А. Кәсіпкерлік Оқу құралы Алматы 2015ж
11. https://stud.kz/referat/show/81
12.https://atameken.kz/kk/projects/24001-0-shagov-po-razvitiyu-predprinimatel-stva
13.Тулеметова А.С., Жакешова А.П. 5В050600«Экономика» мамндығы студентері үшін оқу-іс тәжірбиесін ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент-2018.