«Мұғалімнің кәсіби бағдарлары» курсы бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеулер және оның жүргізілуі. Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеулердің түрлері. Мотивация және оның түрлері



Дата04.11.2019
өлшемі24,62 Kb.
#51123
Байланысты:
емтихан сурактары МКБ

«Мұғалімнің кәсіби бағдарлары» курсы бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей 1. Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеулер және оның жүргізілуі. 2. Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеулердің түрлері. 3. Мотивация және оның түрлері. 4. Оқыту үрдісіндегі мотивация тәсілдері. 5. Бағалаудың негізгі мақсаты. 6. Оқу үшін бағалаудың маңыздылығы. 7. Оқуды бағалаудың мақсаты. 8. Зияттың педагогикалық-психологияда зерттелуі 9. А.Маслоудың қажеттеліктері иерархиясы теориясы 10. Л.С. Выготскийдің оқудың әлеуметтік-мәдени теориясына сипаттама. 11. Диалогтік оқыту туралы жалпы түсінік. 12. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 13. Рефлексиялық оқыту. 14. Топтық ережені оқыту үрдісіндегі маңызы. 15. Табыс критерийі - оқу нәтижесіне жетудің тетігі. 16. Оқу ұғымына жалпы түсінік. 17. Оқыту ұғымына жалпы түсінік. 18. Оқытудың аффектілік теориясы. 19. Оқытуды басқарудың аспектілері. 20. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту мен оқу. 21. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану. 22. Lesson Study-ды қолданудағы тиімділік. 23. Инклюзивті білім беру туралы түсінік. 24. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқытудағы тиімді тәжірибесі. 25. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту. 26. Рефлексия мен кері байланыс. 27. Білімнің педагогикалық аспектісі. 28. Білімнің технологиялық аспектісі. 29. «Метатану» ұғымы және оның аспектілері. 30. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 2-деңгей 1. Талантты балалардың психологиялық ерекшеліктері. 2. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері. 3. Талантты және дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері. 4. Кері байланыстың ережелері. 5. Мұғалімнің педагогикалық-психологиялық мәдениеті. 6. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері. 7. Көшбасшылық – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдірудегі мұғалімнің негізгі әрекеті. 8. Тиімді топтық қарым-қатынастың негізгі ережелері. 9. Оқытудағы кедергілерді анықтау. 10. Мұғалім ұстанымы – оның қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі. 11. «Мұғалім жұмысының сапасы» ұғымының түсініктемесі. 12. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру. 13. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар. 14. Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасы. 15. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау. 16. Л.С.Выготскийдің «Дамудың жақын аймағы» теориясы. 17. Оқытудағы диалогтік әңгіме. 18. Оқудағы зерттеушілік әңгіме. 19. Оқытуды дамытудағы сұрақтардың маңызы. 20. Нейровизуалдандыру әдістемелерінің сипаттамасы. 21. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау ерекшеліктері. 22. Оқу үшін бағалау туралы түсінік. 23. Оқуды бағалау үшін түсінік. 24. Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 25. Бала жасына сәйкес танымдық даму ерекшеліктері. 26. Кейс-стади туралы түсінік. 27. Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім. 28. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы Блум таксономиясы. 29. Пайым – метасананы дамыту жолдарының бірі. 30. Білімалудағы оқушылардың шығармашылық әлеуеті. 3-деңгей 1. Оқудағы қиындықтар мен кедергілердің тізімдемесін жасаңыз. 2. Оқудағы кедергілерді жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау. 3. және оны шешудің жолдарын көрсетіңіз. 4. Талантты мен дарынды балалардың айырмашылықтары. 5. Оқу және оқыту ұғымдарының айырмашалықтары. 6. Талантты немесе дарынды оқушыларды анықтау. 7. Қалыптастырушы (формативті) және жиынтық (суммативті) бағалау арасындағы айырмашылықтардың салыстырмалы кестесін құрыңыз. 8. Шағын топтың таныстырылымы өте жоғары деңгейде көрінде. Бірақ, ол топшада 7 оқушының белсенділігі әр түрлі деңгейде. Оны қалай бағалайсыз? 9. «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» ұғымдарының айырмашалықтары. 10. Эссе жазудың табыс критерийлерін құрастырыңыз. 11. Бағалау әдістерін қолдану ерекшеліктерін атаңыз. 12. Кері байланысты қолданудың маңыздылығы. 13. Рефлексия мен кері байланыс тәсілдері. 14. «Оқу» және «оқыту» ұғымдарының айырмашылықтары. 15. «Мінсіз оқушыны» қалыптастыруда мұғалімнің рөлі. 16. «Мінсіз мұғалімге» тән құзыреттіліктер. 17. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары. 18. Сыныптағы моралдық-психологиялық ахуалды зерттеудің жолдарын атаңыз. 19. Топқа бөлудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз. 20. Топтық жұмыста рөлдерге бөлудің тиімді жақтары. 21. Подкаст жасаудың оқушылар үшін тиімді жақтары. 22. «Оқуды үйретудің» тәсілдерін атап көрсетіңіз. 23. Ұзақ мерзімді жоспарлауға мысал келтіріңіз. 24. Орта мерзімді жоспарлауға мысал келтіріңіз. 25. Қысқа мерзімді жоспарлауға мысал келтіріңіз. 26. Оқуда қолданылатын әңгіме түрлерін кестеге түсіріңіз. 27. «Оқушы үні» жобасы. 28. Оқушының өзін-өзі реттеуін қалыптастыру сызбасын дайындаңыз. 29. Оқу мақсаттарына және жетістікке қол жеткізетін табыс критерийлерін құрыңыз. 30. Дәстүрлі оқыту мен «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәнінің мазмұнына салыстырмалы талдау жасаңыз (Вен диаграммасы құру).

«5В011700- ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЫ» ПӘНІНЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 1-тақырып. Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу. СӨЖ мақсаты: Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдары жайлы мағлұмат алады. Тапсырма: «Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдары» тақырыбында жоба жазу. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып – мәселелердің ӛзіне тән сипатын кӛрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек: жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты – оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек. Мәселелердің жаңашыл мен кӛкейкесті қағидалары соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек, ақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жӛні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны кӛрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нӛмірі кӛрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол кӛрсетеді. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж. 3. Csikszentmihalyi, M., (2008). Flow. [Ағын]. Harper Perennial. 4. Ryan, R.M., & Deci, E.L., (2009). Promoting self-determined school engagement: Motivation, learning, and well-being. [Ӛзін-ӛзі анықтайтын мектептегі қызығушылықты арттыру: ынталандыру, оқу және ахуал]. 5. In K. R. Wentzel & A. Wigfield (Eds.), Handbook on motivation at school. [Мектепте ынталандыру жӛніндегі нұсқаулық] (pp. 171–196). New York: Routledge. 2-тақырып. Lesson Study-ді мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану. СӨЖ мақсаты: Lesson Study-дің мұғалімдер тобының тәжірбиесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану тәсілдерін анықтайды. Тапсырма: Lesson Study-дің мұғалімдер тобының тәжірбиесін жетілдіруге арналған құрал екенін топтық жұмыс арқылы талдйды. Әдістемелік нұсқаулар: Оқытудың маңызды факторы оқытушының студенттердің тақырыптың мәнін ӛз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске студенттің ӛзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, студент да ӛзінің оқуы үшін жауапты болады. Студент мұндай жауапкершілікті кӛбіне сабақ беру барысында оқытушы қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы ӛзара қарым-қатынас оқуда маңызды рӛл атқаратындығын кӛрсеткен. Студенттер жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «оқытушы-студент» сұхбаты түріндегі ӛзара іс-қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын ӛзара іс-қимылға «студент-студент» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Топтық жұмыста студенттерге берілетін тапсырма бір сарынды емес, әртүрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады. Студенттер үнемі топтық жұмысқа дағдыланған болса, ӛзін-ӛзі реттеуге қол жеткізеді. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж. 3. Білім беру интернационалының VI Дүниежүзілік конгресі, 2011, 22–26 шілде. Кейптаун (Оңтүстік Африка). http://www.ed-union.ru/page.html?region=1&sid=&page=9&doc=9581 4. Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте орнықты жоғары сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады]. 5. Harris, J. R., (1998). The nurture assumption: Why children turn out the way they do. [Тәрбие туралы ойлар: неліктен балалар бұндай болады]. Free Press. 6. OECD (2000). Literacy in the information age: final report of the international adult literacy. [Ақпараттық дәуірдегі сауаттылық: ересек адамдардың халықаралық сауаттылығы мәселелері бойынша қорытынды баяндама]. Paris: OECD. 7. Vygotsky, L. S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. Cambridge, MA: Harvard University Press. 8. Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалар қалай ойлайды және қалай білім алады]. (2nd ed.). Oxford: Blackwell Publishers Ltd 3-тақырып. Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау (ОүБ). СӨЖ мақсаты: Оқу үшін бағалау (ОүБ) туралы танысады. Тапсырма: Тренинг. Оқу үшін бағалау. Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отыруға дағдыланады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылатынын тұжырымдайды. Бағалау үдерісін оқыту мен оқудың ажырамас бӛлігі ретінде түсіну (оқу үшін бағалау) бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын рәсім ретінде дәстүрлі қабылдауға үйренген мұғалімдердің ұғымында түбегейлі ӛзгерістердің болуын талап етеді. Оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен таныстыруды үйрену. Сабақтың міндеттері мен табыс критерийлерін әзірлеу. Ӛзін-ӛзі бағалау және ӛзара бағалау туралы. Әдебиеттер: 1. Bolam, R., McMahon, A., Stoll, L., Thomas, S., Wallace, M., Greenwood, A., Hawkey, K., Ingram, M., Atkinson, A. and Smith, M., (2005). Creating and Sustaining Effective Professional Learning Communities. [Тиiмдi кәсiби оқу қоғамдастығын құру және қолдау]. The Department for Education and Skills. 2. Elliott, J., (1991)., Action Research for Educational Change. [Бiлiм беру ӛзгерiстеріне арналған қызметті зерделеу]. Milton Keynes: Open University Press. 3. Frost, D., (2011). Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher Leadership project. [15 мемлекеттегі мұғалiмдер кӛшбасшылығына қолдау кӛрсету: Мұғалiмнiң жетекшiлiгi Халықаралық жобасы]. Phase 1, A report, Cambridge: LfL at the University of Cambridge Faculty of Education. 4. Frost, D. and Durrant, J., (2003) Teacher Leadership: Rationale, Strategy and Impact, School Leadership and Management. [Мұғалiмнiң кӛшбасшылығы: Мақсаттылық, Стратегия және әсері, мектеп жетекшiлiгі және басқару]. 23 (2) pp. 173–186. 5. Hoyle, E., (1974). ‘Professionality, profesionalism and control in teaching’. [Мамандық, кәсібилік және білім берудегі бақылау]. London Educational Review 3 (2) 42–54. 6. Katzenmeyer, M. and Moller, G., (2001). Awakening the Sleeping Giant: Helping Teachers Develop as Leaders. [Ұйқыдағы алыптың оянуы: Мұғалiмдерге кӛшбасшылықтың сапаларының дамуына кӛмек]. second edition, Thousand Oaks, CA: Corwin Press. 7. MacBeath, J., Frost, D., Swaffeld, S. and Waterhouse, J., (2006). Leader’ship for Learning: Making the Connections. [Оқытудағы кӛшбасшылық: Байланыс орнату]. Cambridge: University of Cambridge Faculty of Education. 4-тақырып. Диалогтік оқыту. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта диалогті пайдалану әдісі. СӨЖ мақсаты: Студенттерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рӛлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жӛніндегі ӛзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға кӛмектесу, оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бӛлігі ретінде қарастыру, (жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы). Тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып ӛміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі заманғы оқу аспектісінде мұғалімдерге тілдің оқыту мен оқудағы жүйе құраушы рӛлін түсінуге, сыныптағы оқушылармен қарым-қатынаста заманауи тәсілдер туралы рефлексия жасау мен әзірлеуге кӛмек кӛрсету. Ынталандырушы әңгіме туралы материалдарды талқылау және әңгіме түрлерін анықтау. Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Зерттеу материалдарын түсіндіру үшін Нейль Мерсердің кіріспе таныстырылымын пайдалану. Студенттердің сұрақ қоюы және оны стикерде жазбаша ұсынуы. Шағын топтарда жұмыс істейтін студенттерге сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде пайда болатын кедергілерді қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы диаграмма жасауды ұсыну. Студенттер әңгімелесу –балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік екенін тұжырымдайды. Сыныпта диологті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал етуге болатынына кӛз жеткізеді. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға кӛмектесетінін пайымдайды. Әдебиеттер: 1. Atkinson, R.C. & Shiffrin, R.M., (1968). Human memory: A proposed system and its control processes.[Адам жадысы: ұсынылатын жүйе және оны бақылау үдерісі]. In K.W.Spence and J.T.Spence (Eds.), The Psychology of Learning and Motivation: Advances in Research and Theory, Vol. 2. New York: Academic Press, 89–195. 2. Baddeley, A.D. & Hitch, G., (1974). Working memory. In G.H. Bower (Ed.), The Psychology of Learning and Motivation: Advances in Research and Theory. [Оқу мен ынталандыру психологиясы: Озат зерттеулер мен теориялар]. (Vol. 8, pp. 47–89). 3. New York: Academic Press. Bandura, A., (1977). Social Learning Theory. [Әлеуметтік оқыту теориясы]. New York: General Learning Press. 4. Baron-Cohen, S., (1995). Mindblindness: An Essay on Autism and Theory of Mind. [Сезім соқырлығы: Аутизмді зерттеу және сана теориясы]. Boston: MIT Press/Bradford Books. 5. Barron, B., (2002). Creative work in relational context and its developmental significance. [Релятивистік мәнмәтіндегі шығармашылық жұмыс және даму үшін оның маңыздылығы]. Human Development, 45, 367–371. 6. Chen, Z., Sanchez, R. & Campbell, T., (1997). From beyond to within their grasp: Analogical problem solving in 10- and 13-month-olds. [Түсінуден тыс және оның ішінде: 10 және 13 ай жасындағы ұқсастық бойынша проблемаларды шешу] Developmental Psychology, 33, 790– 801. 7. Davidson J.E., Deuser R. & Sternberg R.J., (1996). in Metcalfe J. & Shimamura A.P. Metacognition; Knowing about Knowing. [Метасана: білім туралы білім]. Cambridge. Mass: MIT Press. 8. Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблеманы шешудің метакогнитивтік аспектілері]. In L.B.Resnick (Ed.), The Nature of Intelligence. [Сана қабілеттерінің табиғаты]. (pp.231–236). Hillsdale, NJ: Erlbaum. 9. Flavell, J.H., (1979). Metacognition and cognitive monitoring: A new area of cognitivedevelopmental inquiry. [Метасана және танымдық мониторинг: танымдық зерттеулер мен даму зерттеулеріне арналған жаңа сала]. American Psychologist, 34, 906–911. 10. Flavell, J.H., Green, F.L. & Flavell, E.R., (1995). Young children’s knowledge about thinking. Monographs of the Society for Research in Child Development. [Ерте жастағы балалардың ойлау туралы білімдері. Бала дамуы саласындағы зерттеу қоғамының монографиясы]. 60 (1, Serial No. 243). 11. Fodor, J., (1992). A theory of the child’s theory of mind. [Сананың балалық моделінің теориясы].Cognition, 44, 283–296. 12. Frith, U., Happe, F. & Siddons, F., (1994). Autism and theory of mind in everyday life. [Аутизм және күнделікті ӛмірдегі сана моделі]. Social Development, 3, 108–124. 13. Gentner, D. & Holyoak, K.J., (1997). Reasoning and learning by analogy: Introduction. [Ұқсастық бойынша пайымдау және оқыту: Кіріспе]. American Psychologist, 52, 32–34. 14. Goswami, U. & Brown, A.L., (1989). Melting chocolate and melting snowmen: Analogical reasoning and causal relations. [Шоколад пен аққаланың еруі: ұқсастық бойынша ой жүгірту және себеп-салдар байланысы]. Cognition, 35, 69–95. 5-тақырып. Портфолио қорғау СӨЖ мақсаты: Мұғалім портфолиосын жасау. Әдістемелік нұсқаулар: Портфолио – білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігі деректер мен мәліметтер базасының жиынтығы болып табылады. «Портфолио» термині – педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сӛз. Портфолио оқу-танымдық ісәрекет ӛнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады және талдауға, ӛзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Мұғалім портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, оқушыларды оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, мұғалімнің білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады. Портфолио мұғалімге тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін кӛрсетуге, ӛзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және ӛз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Портфолио – пән мұғалімнің ӛздігінен білім кӛтеруде жинақталған құжаттары және оны ӛзінің кәсіби іс-әрекет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы. Портфолио-мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Портфолио – белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі ісәрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және ӛзіндік іріктеулері. Портфолио-мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері. Портфолио-мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің ӛзіндік іріктеулері. Әдебиеттер: 1. Bandura, Albert., (2001). «Social cognitive theory: An agentic perspective». [«Әлеуметтіккогнитивтік теория: келісті болашақ»]. Annual Review of Psychology 52 (1): 1–26, doi:10.1146/ annurev.psych.52.1.1. 2. Bandura, Albert., (1997). Self-efficacy: The exercise of control. [Ӛзіндік тиімділік: бақылау жүргізу]. New York: Freeman. 3. Gardner, H., (2011 edition). Frames of Mind: The theory of multiple intelligences. [Ойлау шектері: кӛптік ақыл теориясы]. New York: Basic Books. 4. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет