1. Микробиология пәні, оның мақсаты



бет1/8
Дата27.09.2024
өлшемі56,79 Kb.
#205255
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
микробиология лекция


Дәріс №1. Тақырыбы: Микробиология мен вирусологияға кіріспе
Дәріс №1. Тақырыбы: Микробиология және вирусология пәні, міндеті және биотехнологияның дамуындағы рөлі. (2-сағат)
1.Микробиология пәні және оның мақсаты
2. Микроорганизмдердің пайдалы және зиянды қасиеттері
3. Микробиологияның дамуының негізгі этаптары
1. Микробиология пәні, оның мақсаты
«Микробиология» гректің «микрос-кіші», - «биос-өмір», «логос-ғылым» деген сөзінен шыққан. Сонымен, микробиология көзге көрінбейтін, тек микроскоп арқылы ғана байқауға болатын өте кішкентай микроорганизмдерді зерттейтін ғылым.
Микробиология олардың құрылысын (морфология), тіршілік заңдылықтары мен дамуын «физиология!, түрлі үрдістердегі атқаратын ролін (табиғаттағы зат айналу, шіру, ашу), адам өміріндегі микробтарды пайдалануды, сонымен бірге микробтардың адамда, жануарларда, өсімдіктерде туғызатын өзгерістерін, оларды емдеу жолдарын қарастырады.
Микробиологияның зерттейтін предмет- көк саңырауқұлақтары, ашытқы, актиномицет, риккетсия, микоплазма, вирустар. Бірақ вирустардың өмір сүруі тірі организмнің қатысынсыз мүмкін емес, сондықтан бұл саланы зерттейтін ғылым «Вирусология» деп аталады. Ол туралы кейінгі дәрістерде толығырақ айтылады.
Басқа ғылымдармен байланысы. Ботаника мен зоология (қарапайымдардың құрылысы мен қызметі), биохимия (ферменттер, дәрумендер, антибиотиктер), гигиена (микробиологияның топырақты, суды, ауаны зерттейтін бөлімі), физиология (адам мен жануарлардың ас қорытуындағы микробтың маңызы).
Микробиологияда қолданылатын стерилизация (зарарсыздандыру) әдісі хирургияда өте маңызды.
Микробтардың кездесуі. Микроорганизмдер әлемі өте күрделі және көптүрлі. Олар табиғатта кең тараған. Микробтардың табиғаттағы қалыпты тіршілік ортасы топырақ, ауа, су. Бізді миллиардтаған микробтар қоршап тұрады.Академик Омельянский В.А. микробтар туралы: «олар көзге көрінбегенмен адам өмірінде кейде зиянын тигізіп, кейде пайдасын тигізіп, өмір бойы қатар жүреді. Олар біз пайдаланатын азықта, ішетін суда, демалатын ауада да кездеседі». (В.А. Омелянский 1867-1928жж.- атмосферадағы азоттың фиксациясын, нитрификациясын зерттеді. «Основы микробиологии» атты ең бірінші орыс тілінде шыққан кітаптың авторы. Ол топырақ микробиологиясының негізін қалаушы С.А Виноградскийдің шәкірті. Элективті орта әдісін ойлап шығарды.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет