Микроорганизмдердің пайдалы және зиянды қасиеттері. Пайдалы:
Микробтар табиғатта санитар ролін атқарады (шіру – сапорфитті микробтардың әсерінен жүретін микробиологиялық үрдіс).
Микроорганизмдерді тамақ өнімдерін жасауда пайдаланады (ашыған сүт өнімдері, азықтық ақуыз, нан, алкогольді ішімдіктер – сыра, шарап, спирт).
Микроорганизмдер биологиялық активті заттар – ферменттер, гормондар, дәрумендер, антибиотиктер, гибберлиндер, амин қышқылдары, органикалық қышқылдар алуда пайдаланылады.
Микроорганизмдер элекрт қуатын бөліп шығара алады.
Микробтар пайдалы қазбалардан, металл иондарын бөле алады.
Микроорганизмдер адам және жануарлардың ас қортуына қатысады( адамның тоқ ішегінде ішек таяқшасы тіршілік етеді, ол В тобындағы дәруменнің продуценті. Бұл микроб неміс педиатры Теодор Эшерихтің атымен аталады. Ішектің барлық микроорганизмдерінің 75 пайызы осылыр. Ішектің екінші кең тараған микроб – (Streptococcus feacalis). Ас қорыту жолының микроорганизмдері организмді К дәрумені мен қамтамасыз етеді, ол қанайналуда өте маңызды (оларсыз протромбиннің түзілуі бұзылады).
Патогенді микроорганизмдерді олардан вакцина штаммдарын алу арқылы инфекциялық аурулардың алдын алуда пайдаланылады. Әлсіреген патогенді микробтар инфекция тудырмайды, керісінше иммунитет қалыптастырады. Өлтірілген немесе әлсіретілген микробтардыан дайындалған препараттар –вакцина деп аталады( вакцина – латынша вакка –сиыр. дженнер оспа.
Ең алғаш микроб аттенуациясын ойлар тапқан Л.Пастер, құтыруға қарсы вакцинаны дайындайды).
Микроорганизмдердің зиянды қасиеттері Патогенді микроорганизмдер инфекциялық аурулар тудырады (сібір жарасы, бруцеллоз, туберкулез, сальмонеллез т.б.)
Микроорганизмдердің әсерінен тамақ өнімдері бүлінеді, мақта, жүн, ағаш өнімдерін шірітеді, металдарды тоттануға ұшыратады. Қағаз, текстиль, каучук өнімдерін шірітеді. Пайдалы микробтардың саны көп. Барлық белгілі микробтардың 1:30000 бөлігі ғана зиянды микробтарды құрайды.
Микробиологияның бағыты. Микробиологияның дамуы басқа да ғылыми пәндердің дамуымен тығыз байланыста. Қазіргі кезде қоғамның қажеттілігіне байланысты микробиология мынандай салаларға бөлінеді:
Барлық бағыттардың негізі- микробтардың морфологиясын, физиологиясын, сыртқы ортада микробтардың таралуы мен сақталуын, микроорганизмдер генетикасын, жүйелеу мен жіктеуді, микробтардың табиғаттағы ролін, иммунитетті зерттейтін Микробиология және вирусологияпәні. Микробиологияның мақсаты оның бағыттарына байланысты.