2.Нарық түсінігіне анықтама Нарықтық экономика және нарықтық қатынастар қызметінің негізі ретінде тауар-ақша қатынастары болып табылады. Сондықтан, нарықтық шаруашылықты тауарлық өндірістің дамуындағы оның ең жоғары сатысы ретінде қарастыру қажет. Нарықтық экономика — пайда табуға негізделеді…
Нарық пен нарықтық қатынастардың мәнін «нарық» ұғымының екі түрлі мағьшада қолданылатынын ескере отырып анықтаған жөн. Біріншіден, өзінің төл мағынасында нарық айырбас, айналыс сферасындағы өнімді сатуды (өткізуді) білдіреді. Екіншіден, нарық — адамдар арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Нарық, меншіктің әр түрлі пішіндерін, тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген экономика қызметінің күрделі нарықтық механизмі ретінде таңбаланады.
Айналыстан басқа, нарық жөне нарық қатынастары төмендегілерді қамтиды:
— екі субъект арасындағы өзара қатынастың нарықтық негізде іске асырылуы кезіндегі фирмаларды, кәсіпорындарды жөне экономиканың басқа да құрылымдарын жалдауға байланысты орын алатын қатынастар;
— біріккен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен арадағы айырбас процестері;
— еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
— белгілі бір процентпен несие берудегі несиелік қатынастар;
— тауар, қор, валюта биржаларын қамтитын нарықтық инфрақұрылым-
ның қызметін жүзеге асыру процесі.
Нарықтың қалыптасу шарттарын екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы шарттарын енгізуге саяды, атап айтқанда:
Меншіктің әр түрлі пішіндерін (жеке, ұжымдық, акционерлік, мемлекеттік) жүзеге асыру.
Мемлекеттік реттеуіштердің сақталуы жағдайында өндірісті демократияландыру.
Үш негізгі элементтерді: тауарлар мен қызмет көрсету рыногын; өндіріс факторларының рыногын; қаржы рыногын біріктіретін нарықтық инфрақұрлымды қүру.
Екінші топ шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдауға және құқықтық заңнаманы әзірлеуге байланысты шаралар жүйесін қамтиды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны, осы тақырыптағы әлемдік әдебиетті зерттеу және «нарық» ұғымын талдау негізінде оны түсініктемелеудің екі көзқарасын ажыратуға болады.