1. Микроэкономика нені оқытады? Экономикалық теория дегеніміз


Теорияның тексерушілік әдісі



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі81,79 Kb.
#87751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
микроэкономика 1

3. Теорияның тексерушілік әдісі , бұл жағдайда теорияның тәжірибеде тікелей немесе жанама түрде іске асып мойындалуы қажет деген тұжырым айтылады. Егер теория нақты фактілермен келіспесе, онда ол теория жақсартылады, немесе жоққа шығарады және жаңасын жасайды. Позитивистер – субъективтік бағалауларды жоққа шығара отырып экономикада не және қалай орын алуы керек деген сұрақтарды түсіндіру қажет деп санайды.
Нормативтік микроэкономикалық бағытты жақтаушылар экономикалық құбылыстар мен үрдістерді модельдеуді кеңінен қолданады, яғни танып білу объектілерін зерттеу тікелей емес жанама түрде модельдер арқылы жүзеге асыру қолданылады. Сондықтан да, микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған талдау ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір үзіндісін қарапайым түрде көрсету. Бұл жерде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін оның кейбір бөліктері модельде қарастырылмайды. Модельдер ауызша, график түрінде және символикалық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әртүрлі модельдерден тұрады және олар көбінесе ауызша болады. Бірақ теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті (графиктік) және қысқаша, түсінікті болады.
Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әртүрлі құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады. Бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау барысында зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар деп атайды. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құрудың нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогендік айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.
Кез келген экономикалық модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан, оның нақты жағдайға сәйкес келуін анықтаған кезде экономикалық әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп санауымыз қажет. Бұл шартты әріқарай зерттеу барысында қолданамыз (басқа көрсеткіштерді тұрақты деп қарастырғанда).
Модельдеу – экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі. Микроэкономикада модельдердің екі түрі қолданылады: оңтайландыру және тепе-теңдікке келтіру. Жеке экономикалық агенттердің әрекеттерін зерттегенде оңтайландыру модельдері қолданылады. Сондықтан, негізгі түсініктер шекті сипатта болады: шекті пайдалылық, шекті өнім, шекті шығындар, шекті түсім және басқа да маржинализмнің әдістемелері қолданылады. Модельдердің екінші түрі – экономикалық агенттердің арасындағы өзара қатынастарды зерттеуде қолданылатын нарықтық тепе-теңдік модельдері. Егер өзара әрекетке түсетін күштер балансталған болса және осы балансты бұзатын ішкі импульстер болмаса, онда жүйе тепе-теңдік жағдайында тұр деп есептелінеді.
Микроэкономикадағы субъектілердің негізгі экономикалық қызметтері үнемі өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сол себепті олар қажеттіліктер, ресурстар, технология, игіліктер және олардың пайдаланылуы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты және осындай компоненттерден құралады, оны төмендегідей сызбадан көруге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет