5. Мағжан – суреткер ақын. Ол сөзбен сурет салуда өте шебер. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктер сонша – онда троп пен фигураның бар түрлері кездеседі. Ақынның құнарлы жырлары әдеби-теориялық тұрғыдан назарға түспей қала алмайды. Мағжанның біраз жырларында синекдоха (мегзеу) кездеседі. Осы орайда мына жыр шумақтарын мысал етейік:
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.
Алаштың аруы боп кетсе-дағы,
Жанымен өз жұртынан айрылмаған...
Шумақта ақын синекдоханы шебер қолданған. Яғни, бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану арқылы құбылтады.
6. Ақын келесі бір өлеңдерінде ақын бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, соған ұқсас басқа нәрсеге не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеп, ойын ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіреді. Бұл ақын өлеңдеріндегі астарлау яки символ. Символ деген сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындаққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді.
Жабыны тұлпар қылам деп,
Қарғаны сұңқар қылам деп.
Талайдың ісі шала ғой.
7. Ақын өлеңдеріндегі теңеулер оның ақындық қуаты, қаруы іспетті көп қолданысқа ие көркемдегіш құралдардың бірі. Теңеулерді Мағжан өте жиі қолданғанын ескеру керек.
...Өткізген балаусадай бөбек күнім,