Барқыттайбелес-белім жатыр.
Айбынды арыстандай құмды кезген
...Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр...
8.Эпитеттер де солай, жиі қолданысқа ие. Бұны ақын табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушыларың көз алдына елестету, ой қиялына әсер ету мақсатында қолданған деп білеміз.
Қанды орбоп ақын жолы қалады да
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі – меруерт.
Сұм сұлу анадайдан ағатайлап.
Билеген асау жүрек, қайнаған қан, Шомылып қанды ыстық көз жасына.
9.Мағжанның ой еңбегінің қажырлылығы, ізденісі шығармаларында жемісін берді. Ақын өлеңді сырттай тартымды ету мақсатында сөз көркемдеудегі ерек бір құбылыс қайталауды қолданады. Ақын өлеңдеріндегі а) сөз қайталауы (басқы қайталау немесе анафора)