ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
Зақымданған адамды элетр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Күйгенде көмек көрсету
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин,валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (валерьянка);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын –ала целофанмен орап суық судың астына ұстау.
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен 03 телефон арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Талып қалғанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Демі тоқтағанда көмек көрсету.
Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса , қолмен орнына келтіру;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан –ауызға керек.
Көз талғанда жасайтын жаттығулар.
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар Бұл кезде бір қалыпты дем алыңдар 4-5 рет қайталаңдар.
2- жаттығу
-Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар
- Көздеріңді талдырмаңдар
3-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер -Алысқа қараңдар
4- жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер - Алысқа қадалып тұрыңдар
5-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер -Алысқа қараңдар
6- жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер - Алысқа қадалып тұрыңдар
Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі –жиі жыпылықтатыңдар
9 «А» сыныбы
Достарыңызбен бөлісу: |