1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11


Қысымдауыш құрылмасы мен әрекет принципін қысқаша сипаттау



бет6/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги

1.7 Қысымдауыш құрылмасы мен әрекет принципін қысқаша сипаттау


ЖМЗ-ға газды жылжыту үшін 64800 м3/сағ өнімділікке ие Э-1050-13-4 типті қысымдауыштар орнатылған. Қысымдауышқа түсетін газ суытылған және коррозия тудыратын, сондай-ақ, қысымдауыш жұмысын бұзатын қоспалардан тазартылған. Э-1050-13-4 типті қысымдауышының техникалық сипаттамасы (газ тығыздығы ρ = 1,4 кг/м3, кірісіндегі сиретілген қысымы 4,9 кПа):


а) көлем бойынша өнімділік
б) жалпы қысым
в) электроқозғалтқыш қуаты
г) қысымдауыш валдың айналу жиілігі
д) кірістегі газдың температурасы
е) өлшемдері: іргетастың ұзындығы
ж) іргетастың ені
1680 м3/мин;
2800 мм.су ст.;
630 кВт;
2975 айн/мин;
50оС;
5000 мм;
3000 мм.
Қысымдауышты электроқозғалтқыш айналдырады. Ротордың айналу бағыты сағат тіліне қарсы болады. Қысымдауыштың болат корпусның ішінен подшипниктерге орнатылған болат вал өтеді. Оған жұмыс дөңгелегі отырғызылған. Газ cорғыш құбыр бойынша қысымдауыштың абсорбциялық камерасына (кіріс құбырына) келеді, сонан соң жұмыс дөңгелегі қалақшалармен түзілген арналар бойынша айналмалы жұмыс дөңлегінің ортасына түсіп сығылады да, газ ағынын жинау үшін және оны қысымдауыш құбырғы әкелу үшін корпусқа бағыттылады. Лабиринттік нығыздау есебінен қысымдауыш атмосфералық ылғалды ауаны сормайды және ортаға SO2 шығарылмайды. Қысымдауыш корпуспен өткізуші құбыр арқылы жалғанған.
Ол құбыр арқылы лабиринттік нығыздауға аз көлемде газ беріледі. Ол ауаны соруды азайтады. Өткізгіш құбырда монометр орнатылған, оның көрсеткіштері бойынша осы құбырда краннның ашылуы реттеледі. Вал подшипниктері арнайы құбыр майымен үнемі жағылады және салқындатылады. Ол май қысымдауыш валдан жеткізілетін насос арқылы беріледі. Жағылытын май өз кезегінде май жинағышта орналастырылған змиевиктерде айналатын су арқылы суытылады. Қысымдауыш беретін газ көлемін реттеу үшін сорғыш және қысымдауыш құбыр өткізгіштерінде задвижкалар орнатылған. Қысымдауышты қосқанда абсорбциялық сызығындығы задвижка жабылады және толу сызығындағы задвижкалар ашылады.
Электродвигателдің қалыпты айналу санына жеткен соң қысымдауыш газдың қажетті көлемін бермейінше абсорбциялық линиясындағы задвижка біртіндеп ашылады. Газдың жылжуын одан әрі реттеу абсорбциялық линиясындағы задвижка көмегімен жүзеге асырылады. Берілісті азайту үшін қысымдауыш линиядағы газдың бір бөлігі байпас ашылатын клапаны арқылы абсорбциялық құбырына қайтадан түседі. Қысымдауыштың жұмысын сипаттайтын негізгі шамала - өнімділік, беріліс (Q) және қысымның құлауы (L Р). Q (LР) тәуелділігінің графикалық өрнегі қысымдауыштың қысымдық сипатамасы деп аталады. Тұрақты және белгілі бір жұмыс дөңгелегінің айналу санымен (n) жұмыс істейтін әрбір нақты машина үшін қысымдық сипаттама зауыттық сынақтар негізінде тәжірибелік түрде алынады және техникалық құжатқа жатқызылады. артуымен пайдаланылатын қуаттың артатынын көреміз және алдымен артады, сонан соңСS пайдалы әсер коэффициенті төмендейді. Егер жүйенің жалпы гидравикалық кедергісін төмендетсек, қысымдауыш өнімділігі жоғары болуы мүмкін.
Пайдаланылатын куат N, кВт
700
600
500
400
300
200
100
0
2
0,9
0,8
0,7
3200
2 – пайдалы 28екет коэффициенті
Аппараттың корпусы тік цилиндр тәрізді. Төменгі жағы кеңейтілген (контактілік массасының төменгі қабаттарының гидравликалық кедергісін азайту үшін) болып келеді. Аппараттың ішкі диаметрі 6 м, жалпы биіктігі 18 м. Контактілік массасы апппарат қабырғаларына бекітілген торларда орналасқан. Контактілік массасының бірінші, екінші және төртінші қабаттарынан кейін газ шығарылған жылуалмастырғыштарды суытады. Жылуалмастырғыш болат құбырлар жоғарғы және төменгі торлары бар тікболат цилиндрден тұрады. Контактілік аппаратынан ыстық газ жылу алмастырғыш құбырлар бойымен төменгі жақтан құбыраралық кеңістікке түсетін (немесе керісінше) суық газға қарама-қарсы бағытта жоғардан төменге қарай жүреді. Катализатордың ең соңғы қабатында араларына тік спираль ажыратқыш орнатылған екі көлденең пластиналардан тұратын пластикалық жылу алмастырғыштар орналасады. Суық газ спираль арна бойымен, реакциялық қоспа пластиналарды біріктіретін патрубка бойымен жоғарыдан төменге жүреді. Контактілік түйініне тазартылған газүрлегіш арқылы 50-60оС температурада беріледі. Контактілік аппаратында SO2-нің SO3-ке тотығу процесі былайша жүреді: реакциялық газдың жылуы есебінен жылуалмастырғышта контактілік массасының жану температурасына дейін қыздырылған суық күкіртті газ контактілік массасының бірінші қабатынан өтеді, ол жерде жалпы SO2 салмағының 70 пайызына дейін тотығады. Процесс реакцияның ең жоғарғы жылдамдығы сәйкес келетін оптималды температураға жеткенше адиабатикалық түрде (жылу бөлместен) жүреді. Реакция жылу бөлу есебінен бірінші қабатағы температура 580оС-гедейін көтеріледі. Әсер бермеген SO2 жоғары жылдамдықта әрі қарай тотығуы үшін газ температурасын төмендету керек. Ол үшін жылу алмастырғышта тотығу процесінің температурасы оптималды температураға жақын болатындай етіп жылу бөлу керек. Газ суытылғаннан кейін контактілік массасының екінші қабатына келеді. Ол жерде SO2 тотығуы жалғасады. Мұнда температура қайта көтеріледі. Сол себепті газды оптималды температураға дейін суыту керек. Әрбір келесі қабат тотығы дәрежесі жоғарылайды. Оптималды температуралық режимін ұстау үшін жылу алмастырғышқа түсетін бастапқы газ мөлшерін реттейтін задвижкалары бар байпас газ өткізгіштер қолданады. Ванадий катализаторындағы контактілік аппаратында SO2 тотығу процесі катализатордың жану температурасына жеткенде, уақыт бойынша өз бетінмен (автотермиялық), яғни, реакцияның өз жылуы есебінен жүреді. Ал, өндірістік жағдайларда реакцияның экзотермиялылығы SO2-нің SO3-ке тотығуының экзотермиялық реакциясы нәтижесінде бөлінген жылуалмасу арқылы газды жылыту үшін және қоршаған ортаға шыққан жылуды қайтару үшін жеткілікті болған жағдайда алынады. Әрбір контактілік аппараты белгілі бір орнықтылыққа ие, яғни, мәндердің анықталған арағында кіріс параметрлері өзгергенде тұрақты күйді сақтау мүмкіндігі бар. Аралық жылуалмасу катализаторының бір жоғарғы қабатындағы орнықтылық шарты келесі түрге ие:

dt k
dt u


мұндағы
dt k
dt u - кіріс температурасы 1оС-ге өзгергендегі қабаттың шығысындағы температураның қаншалықты өзгергенін катализатор қабатының параметрлік сезімталдығы; А - аралық жылуалмастырғыштың параметрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет