1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11


ТПАБЖ техникалық қамтамасыздандыруы



бет14/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом

2.12 ТПАБЖ техникалық қамтамасыздандыруы





Техникалық қамтамасыздандыру - техникалық құралдар кешенін (ТҚК) ұсынады:


- үрдістің технологиялық параметрлердің мәндері жөнінде ақпараттар алуын, технологиялық жабдықтың күйі және жүйеге кіретін техникалық құралдарының күйін;
- локальды реттеу және басқаруын;
- есептеу техникасын;
- оперативті персоналға ақпараттарды ұсынуды;
- орындауыш құрылғысын;
- аралас жүйелермен байланысын.
ТПАБЖ-да ТҚК үшін өзара байланыс және нақты өзара байланыс сипатты. Барлық техникалық құралдарын басқару басқарылатын есептеуіш машинасына (БЕМ) жүктеледі. Техникалық құралдарының кірістері және шығыстары бір-бірімен келісуі керек. 1 суретте ТПАБЖ-ға кіретін техникалық құралдар кешені жалпы түрде көрсетілген. БЕМ 5 кірісіне басқару нысанын сипаттайтын 1 және 2 бастапқы аналогты және дискретті түрлендіргіштерден ақпарат келіп түседі. Бұл ақпарат қажетті кезде, бірақ әдетте толық көлемде емес, ал, үрдістің аса маңызды параметрлері жайлы технолог-оператордың пультінде орнатылған аналог құралдарына 3 келіп түседі. Мнемосхема 4 түрінде іске асырылатын сол пульттен дискретті ақпараттың сигналдары шығарылады. Технолог-операторға керекті ақпарат әртүрлі құрылымдарда 7 құрастырылады. Оларға басу құрылғысы, экранды пульттер және т. б. жатады. Технолог-оператор технологиялық процестің параметрлерінің мәндері жөнінде мағлұматтар ала және сұрастыра отырып, үзіліссіз түрде БЕМ-мен байланысады және де арнайы құрылғылары 6 көмегі арқылы БЕМ-ға жаңа тапсырма мәнін еңгізеді. Әртүрлі себептері бойынша автоматты аспаптармен бақыланбайды (химиялық лабораторияның «қолмен» бастапқы анализі). Басқару объектісі жөнінде алынған ақпаратты жинап және өңдегеннен кейін, БЕМ тапсырылған және оның жадында сақталатын алгоритмдермен сәйкес керекті есептеулер жүргізіледі, 8 және 9 дискретті немесе аналогты орындаушы құрылғыларына басқару әрекеттерді береді.


2.13 Бағдарламалық қамтамасыздандыруы


Бағдарламалық қамтамасыздандыру ТПАБЖ функциясын іске асыратын және ТҚК берілген функцияларын қамтамасыздандыратын бағдарламалардың жиынтығын ұсынады. Оған жалпы және арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыруын жатқызамыз. Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру - тапсырыс берушіге есептеуіш техника құралдарымен бірге бір уақытта жеткізіледі. Оған бағдарламалық қамтамасыздандыру құралуының бағдарламалар есептеуіш кешендерінің функционалдау ұйымдары, трансляцияланатын бағдарламалар, стандартты бағдарламалардың кітапханалары, басқа қызметтік және стандартты бағдарламалар жатады.


Бағдарламалық қамтамасыздандыру - басқарудың және бақылаудың нақты есептерін шығаруға ешқандай қатысы жоқ, сондықтан олар нақты БЕМ сипаттамасы мен құрамымен анықталады және оның құрамы мен функционалды қолдануымен анықталады. Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандырудың ажырамайтын бөлігі болып тестілік жүйе бекітілген. Тестілік жүйе БЕМ-нің техникалық эксплуатациясын, жұмыс қабілеттігін тексеру үшін арналған бағдарламалар жиынтығы. Жалпы бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамына SIMATIC-S7 конфигурациялауы үшін STEP 7 пакеті кіреді және де суреттеп көрсету және бейнелеу жүйесі үшін WinCC пакеті кіреді.
Арнай бағдарламалық қамтамасыздандыру нақты ТПАБЖ-ны құру кезінде жасалатын бағдарламалардың жиынтығын көрсетеді. Ол ТПАБЖ техникалық құралдарының жұмысын және функциясын іске асыратын бағдарламалар. Басқаша айтқанда, арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыру нысандағы әртүрлі жағдайдағы басқару тәртібін анықтайды. ТПАБЖ-ны функционалдау үшін қажетті бағдарламалардың жиынтығы, жүйенің бағдарламалық қамтамасыздандыруын пайда қылады, соған ұқсас техника құралдарының жиынтығы сияқты аспаптық қамтамасыздандыру пайда қылады. Кейде «бағдарламалық қамтамасыздандыру» орнына «математикалық қамтамасыздандыру» деп айтады.
АБЖ өзінің басқару және бақылау функцияларын орындаған кезде уақыттың әрбір интервалына барлық бағдарламаны пайдалана бермейді. Кейбір бағдарламаларды басқа бағдарламаларға қарағанда көбірек қолдануға тура келеді. Сондықтан, кейбір бағдарламалар машинаның оперативті жадында қарастырылатын уақытында табылады, басқалары - оның сыртқы жадында, ал үшіншілері - магнитті таспаларда. Кез келген бағдарлама өзінің «жұмыс істеу» кезегі келгенде, машинаның оперативті жадысына еңгізілуі керек. Жүйенің математикалық моделін (яғни, қолданылатын бағдарламалар жиынтығы) әдетте екі топқа бөледі: біріншісі - сыртқы математикалық қамтамасыздандыру, екіншісі - ішкі математикалық қамтамасыздандыру. Бірінші топқа жоғарыда ескертілген басқару жүйесінің функциясын іске асыратын бағдарламалар.
Оларға, мысалы, мына бағдарламалар қатысады:

  • Шекті жіберілетіндерге параметрлердің шығысын табу;

  • Датчиктердің көрсетілуін фильтрациялау;

  • Технологиялық агрегаттары жұмыстарының көрсеткіштерін техника экономикалық есептеуі;

  • Басқару нысанында қауіпті, алдын ала авария жағдайларын анықтау;

  • Реттеу заңдарын іске асыратын басқару әрекеттерін есептеу (мысалы, пропорционалды-интегралды);

  • Технологиялық процестің оптимизациясы («отын-ауа» оптималдылық қатынасын анықтау);

  • Өндіріс жоспарының оперативті түзетуі;

  • Басқару әрекеті ұсынылатын кездегі технологиялық процесс ағуының болжамды есептелуі.

Әртүрлі басқару нысандары үшін бірдей функцияларын іске асыратын бағдарламалар, әрине әртүрлі болып келеді. Ішкі математикалық қамтамасыздандыруға есептеуіш кешенінің функционалдауын іске асыратын, АБЖ ерекшелігіне ешбір қатыссыз берілген машинаның типімен бірге жеткізілетін және оның функциясының орындалуының нақты жиналуынан бағдарламаларды жатқызамыз. Бұл топқа келесі бағдарламалар жатады:

  • Құрылғы, және де әртүрлі бағдарламаның «кезегін» ұйымдастыратын, түрлі есептер үшін жадының зонасын бөліп тастайтын және есептеуіш кешені бөлек құрылғының жұмысын оперативті түрде байланыстыратын диспетчер;

  • Трансляторлар;

  • Есептеуіш кешенінің бөлек құрылғыларын басқару;

  • Қызметтік, мысалы, есептеу нәтижелерін теру кезінде, кестені түзету үшін;

  • Стандартты, оте жиі әрі көп кездесетін функцияларды есептеу үшін подпрограммалар;

  • Бүлінген жерлердің, орындардың локализациясын және есептеуіштің кешен құрылғысының түзетуін тексеру үшін тесттер.

Бағдарламалар (сыртқы және ішкі математикалық қамтамасыздандыру) кейде арнайы құрылғылармен ауыстырылады. Сонымен, кейбір функциялар бағдарламалық және аспаптық түрінде іске асырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет