1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11


Автоматтандырудың функционалдық сұлбасының сипаттамасы



бет15/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом

2.14 Автоматтандырудың функционалдық сұлбасының сипаттамасы


Бақылау және басқару жүйесінің негізгі датчиктері газ шығыны, концентрация, температура, қысым датчиктері болып табылады. Автоматтандыру сұлбасы мыналарды қарастырады: Қысымдауыштың қысымын (сиреуін) өлшеу. Қысымның (сиретудің) таңдалған құрылғысынан (1а, 2а бағ.) сигналдар ДМПК-100А типті дифманометріне түсіп, А 614-2 топтық түрлендіргіш арқылы машинаға енгізіледі. Қысымдауыштың электрқозғалтқышы тоғының күшін анықтау. Сигнал Э8025 типті амперметрімен өлшеніп, Е 842 айнымалы тоқтың өлшеуіш түрлендіргішімен беріледі және оның шығысында тұрақты тоқ сигналы пайда болып, сонан соң бірегей сигналдар машинаға енгізілетін А614-7/4 типті топтық түрлендіргішке өтеді.Қысымдауыштағы және біркін үстағыштан кейінгі газ шығындарын бақылау. Көрсеткіштер ДУ-1400 диафрагмма көмегімен өлшенеді де метран дифманометр шығын өлшегіш арқылы машинаға енгізетін А 614-2 (3в бағ.) топтық түрлендіргішке беріледі. Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы аз қысымын бақылау.


Тарылту құрылғысының (5а-12а бағ.) қысымының таңдалған құрылғысынан дифманометр метран (4б, 13б бағ.) арқылы өлшеніп, түрлендірілу үшін сигналдық модуль құрылғысына беріледі де, бірегей сигнал машинаға беріледі. Қысымдауышқа дейінгі және кейінгі газ температурасын бақылау.
Өлшеу сигналдық модуль көмегімен сигналды машинаға енгізетін термопара ТКХ арқылы жүзеге асырылады (13а, 14а, 4в бағ.). Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы газ температурасын бақылау, сәйкесінше жүргізілетін (15а-22а бағ.). SO2 концентрациясын бақылау. ГЗУ2-04 газ қоршаушы құрылғыдан (23а, 24а бағ.) сигнал ТКГ-4 газ талдауышына (14б, 15б бағ.) түседі, сонан соң жеке түрлендіргішке өтіп, ол жерде сигналдар А 614-7/4 топтық түрлендіргіш (5 в) арқылы машинаға енгізіледі. Қысымдауыш дроссельдерін бақылау. Сигнал потенциометрден басқару блогы (КМ1-КМ3 бағ.) басқару блогы арқылы А 614-7/4 топтық түрлендіргішке түседі де, машинаға өтеді.
Басқару блогы арқылы машинаға бағыттық сигнал да түседі.Дроссельдер жағдайын басқару. Басқарушы сигнал ПБР-2М магниттіжүктеуіш арқылы дроссельдер жағдайын басқаратын МЭО орындаушы механизмге өтеді. Басқаруды таңдау үшін УПБ-314 ауыстырғышықарастырылған. Қолдан басқару ПКЕ-112-243 батырмалы басқару бекетінен (КМ4-КМ6, 16б-18б, 3б-5б бағ.) жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет