1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11


ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІ ҚҰРУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ АНЫҚТАУ



бет16/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом

3.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІ ҚҰРУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ АНЫҚТАУ


Техникалық Процесті Автоматтандыру Басқару Жүйесін (ТПАБЖ) ендіру күкірт қышқылын алу параметрлерін және құрылғының күйін реттеу мүмкіндігін береді. ТПАБЖ ендіру нәтижесінде техника-экономикалық көрсеткіштер жақсарады, өңдеуге түсетін газдың қысымы мен концентрация тұрақталады. Басқару сапасының жақсаруы оптималды температуралы режимді қолдау мүмкіндігін береді. Ол өз кезегінде процестің ең жоғары жылдамдықпен жүру, контактілік аппаратындағы газдың контактілік дәрежесін жоғарылату және күкірт қышқылын шығаруды арттыру мүмкіндігін береді.


Біріншіден ТПАБЖ-ны өндіретін жұмысшыларды анықтап, олардың жалақысын және жұмыс уақытын анықтаймыз. ТПАБЖ-ны өндіретін жұмысшылар:
- инженер құрастырушы;
- электрондық инженер;
- кезекші оператор;
- құрастырушы.
Ж = N×n×b,
мұндағы N - өңдеушілер саны, адам;
n - өңдеу мерзімі, ай;
b - айлық жалақы, теңге.
Жүйені ендіретін жұмысшылардың саны, жұмыс істеу мерзімі, жалақысы 3.1 кестеде берілген.

3.1 кесте


Инженер құрастырушы: 1 × 2 × 90000 = 180000 теңге


Электрондық инженер: 1 × 2 × 75000 = 150000 теңге
Кезекші оператор: 3 × 2 × 60000 = 360000 теңге
Құрастырушы: 3 × 2 × 50000 = 300000 теңге
ЖӨ= (+ Ж2 + Ж3 + Ж4 ),

ЖӨ = 180000 + 150000 + 360000 + 300000 = 990000 теңге.


Автоматтандыру құралдарын және есептеу техникасын сатып алуға жұмсалған шығындар 3.2 кестеде келтірілген.


Автоматтандыру құралдарын және есептеу техникасын сатып алуға жұмсалған шығындар 61000 теңгені құрайды. Сонда, жұмсалатын жалпы капиталдық шығын:


Шк = ЖӨ + Шкип = 990000 + 76000 = 1066000 теңге.




3.2 ТПАБЖ эксплуатациясына жұмсалған шығындар


Есептеу техникасы құралдары үшін амортизация нормасы 10 % мөлшерінде бекітілген. Ол мынаны құрайды:


ША = СП × НА /100,


мұндағы СП - жүйенің баланыстық құны; НА - амортизацияның жылдық мөлшері, %.


ША = 0,1 × 76000 = 7600 теңге.


УВМ орналастырылған бөлме үшін амортизация нормасы - 2,8 %, яғни:


ША = 12000 × 0,028 = 120 теңге.


Амортизациялық шығындардың барлығы мынаны құрайды:


ША = 7600 + 120 = 7720 теңге.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет