1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11



бет2/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом

КІРІСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі - өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды орын алатын көптеген түсті металлургия өндірістеріне тән. Қазіргі замандағы күкіртті газдарды бірегейлендірудің негізгі әдісі - күкірт қышқылы өндірісі болып қала береді. Өндіріс көлемі бойынша күкіртқышқылы химиялық заттар арасында алғашқы орындардың бірінде тұр. Кез-келген елде оны өндіру көлемі сол елдің өндірістік даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты: Күкірт қышқылы бірталай маңызды өнімдерді алу үшін халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылады және оған сұраныс үнемі артып отырады.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі міндеттері шешілді: Сол себепті, күкіртқышқылы өндірісінің қуатын арттыруға көп көңіл бөлінді. Түсті металлургиядан шығатын газдардан күкірт қышқылын алу күкірт қышқылы өндірісінің маңызды шикізат қоры болып табылады.
Зерттеу нысаны: Металлургиялық өндірістен шығатын газдарды өндеу
Зерттеу пәні: Ауа бассейнін ластанудан қорғау мәселесімен байланысты.
Зерттеу әдістері: Технологиялық объектілермен басқару екі әдіспен жүреді: жаңа автоматтандырылған зауыттар құру және жұмыс ңстеп тұрған өндірістерді реконструкциялау әдісі.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы: Бөлінетін газдардан күкірт қышқылын өндіру технологиясын автоматтандыру
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Күкірт қышқылы құрылғылары түсті металлургияларда шығатын күкіртті газды күкірт қышқылына өңдей отырып, негізгі өндірістің зиянды өндірістік қалдықтарынан атмосфералық ауаны тазарту үшін қызмет ететін газтазарту құрылғысының функциясын атқарады. Сондай-ақ, минералды шикізатты толығымен қолдану және көтеріңкі кешендендіруге байланысты барлық өндірістің экономикалық жұмыс көрсеткіштері жақсарады. Металлургиялық газдардан алынатын күкірт қышқылының өз құны химиялық өндірістің күкірт қышқылы цехтарында алынатын қышқылдың өз құнынан әлдеқайда төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет