1.3 Құрғату бөлімі
Күкірт қышқылын құрғатудың технологиялық әдісі су буларын қарқынды жұтқыш күшті күкірт қышқылы қасиеттеріне негізделген. Құрғату кептіргіш мұнараларда екі сатыда жүзеге асырылады. Ол мұнараларда газ концентрациясы 93-93,5 % тазартылушы күкірт қышқылына қарсы жылжып, осы мұнараның қондырушыларының бетінде беттеседі. І құрғату мұнарасында газ құрамындағы барлық ылғалдың 90 пайызы жұтылады. Сонан соң, газ ІІ құрғату мұнарасына өтеді. Тазартылатын қышқыл мұнараның төменгі жағына жиналып, өз бетімен жинағышқа түседі. Онан кейін қышқыл тоңазытқыштары арқылы насостар көмегімен тазартылуға жіберіледі. H2SO4 тұрақты концентрациясын сақтау үшін оны моногидратты сорғыш циклындағы 98,3 % концентрациялы моногидратпен біріктіреді. Газ мұнарада кептірілгеннен кейін қондырғы типті бүркінұстағышқа бағытталады. Қышқыл бүркіндері бүркінұстағышта тұнып, өзбетінше қышқылөткізгіш бойынша ІІ кептіргіш мұнарасының жинағышына түседі. Бүркінұстағыштан кейін газ сығу бөлімі алдындағы жалпы коллекторға өтеді.
1.4 Контактілі-компрессорлы бөлімі
Барлық жүйе бойынша газды тасымалдау үшін компрессорлы бөлімінде 65000 нм3/сағ өнімділікке ие Н-1050-12-1 - типті жеті газ айдағыш құбырлар орналастырылған. Олардың төртеуі жұмыс істейді, үшеуі қосарда болады. Жеті газ айдағыш түтіктің 630 кВт қуатты асинхронды қозғалтқышы бар және ол абсорбциялық-қысымдау ұстанымы бойынша жұмыс істейді (контактілік аппараттары және абсорбциялық бөлімі сығылған, газ жолының қалған бөлігі сиретілген). Компрессорлы бөлімінен кейін 50-60оС температуралы газ контактілік аппаратының алдындағы жалпы коллекторға беріледі. Контактілік бөлімінде 5 төртқабатты контактілік аппараттары орналастырылған, олардың өнімділігі 305 т/тәул (100 % қайта санауда H2SO4). Контактілік аппараттарында екі сыртқы, екі шығарылған және бір ішіне ендірілген жылуалмастырғыштары бар. Газ жүктемесі 35-50 мың м3/г. Жоба бойынша БА алдындағы SO2 құрамы - 6 %, ал, практикада мысеріткіш өндірістің жұмыс режіміне байланысты маңызды мәнге ауытқиды. Контактілік әдісімен H2SO4 өндірісінде католизатор ретінде байланысушы ванадий массасы БАВ (барий- сульфид- ванадий) қолданылады. Оның құрамында V2O5 - 7,5 % және жану температурасы 423оС. Контактілік коэффициент жоғары дәрежесін алу үшін әрбір қабаттан кейін газды 440-450оС температураға дейін суыту керек.
Жалпы о қышқыл бүркінділері тұнады және І сыртқы жылу алмастырғыш (ЖА) түтікаралық кеңістігіне беріледі. Жылу алмастырғышта 210оС-ге дейін қыздырылып, сыртқы ЖА түтікаралық кеңістігіне (2) өтеді. Ол жерде газ 370оС-ге дейін қыздырылып, 2 қабаттан кейін шығарылған ЖА-ға беріледі. Онда 400оС-ге дейін қыздырылып, 1 қабаттан кейін шығарылған ЖА-ға келеді. Сонан соң 440-460оС температуралы газ БА-ның бірінші қабатына бағытталады. Ол жерде SO2 SO3-ке тотығып, сондай-ақ, оның температурасы 520-580оС-ге дейін көтеріледі. Бірінші қабатта SO2 70 %-ға дейін тотығады. 1 қабаттан кейін газ шығарылған жылуалмастырғыштың түтік кеңістігіне бағытталады. Онда 440-460оC-ге дейін суытылып, 2 қабатқа беріледі. Жылу алмастырғыштың түтік кеңістігіне газ 440оС-ге дейін суытылып, 3 қабатқа беріледі. Тотығу нәтижесінде температура қайта көтеріліп, 470оС-ге дейін жетеді. Суыту ішіне ендірілген ЖА-да 430оС-ге жетеді. Сонан соң 4 қабатқа беріледі. Контактілік пайызы 96-97 %-ды құрайды. Төртінші қабаттан соң, газ (430-440оС) сыртқы ЖА (250-320оС) түтік кеңістігінің (2) төменгі жағына, содан кейін сыртқы ЖА (120-150оС) жоғарғы бөлігіне (1) бағытталады да, әрі қарай соруға жіберіледі. Контактілік аппараттарын жүктеу және қыздыру үшін 3 жүктеуші қыздырғыштар орнатылған.
Ол ЖА оттығынан, жүктеуші қысымдауыштан және бусорғыштан тұрады. Жүктеуші қыздырғыштар оттығы мазутты жағу үшін арналған. Түзілетін оттық газдары (660-650оС) ЖА түтік кеңістігіне бағытталады және түтін түтігіне шығарылады. Контактілік аппаратын жүктеу немесе тоқтату үшін күкіртті газ немесе ауа ЖА түтік аралық кеңістігіне түседі. Түтін газдары есебінен 440-460оС температураға дейін қыздырылады, сонан соң, контактілік аппаратына түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |