56. Бiр жастағы бала аяқ астынан ауырды, дене қызуы 38,9° С, инспираторлы ентiгу пайда болды, тахипноэ минутына 60 дейін. Қандай ауру?
- ОРВИ, обструк.бронхит
- бронх демiкпесі
- ОРВИ, бронхопневмония
+ ОРВИ, ларинготрахеит (жалған круп) 57. Бала 5 айлық. Қабылдауға келгенде салмағының жетіспеушілігі 11%-ды құраған. Бала жасанды тамақтанады, мазасыз, қосымша тамақтар берілмеген. Бұл жағдай тән:
- нормотрофияға
+ гипотрофия I дәрежесіне
- гипотрофия II дәрежесіне
- гипотрофия III дәрежесіне
58. Бала 8 айлық, дүниеге келгеннен бері жасанды тамақтанады. Жалпы қан сынамасында эритроциттер 3,2. 10*12г/л; гемоглобин 80 г/л, түс көрсеткіші 0,65. Қанның мұндай көрсеткіштері тән:
- гемолитикалық анемияға
- В12 – жетіспеушілік анемияға
+ ТЖА (темір жетіспеушілік анемияға)
- апластикалық анемияға
59. Балаға 4 ай. Анасы кеше 1-ші рет 30 мл алма шырынын берген. Бүгін таңертеңнен бері бала мазасыз, нәжісі сұйық 4-5 рет болған.
Балаға не болды, сіздің жоспарыңыз.
+жедел диарея, регидрон беру, жағдайын қадағалау
- дизентерия, глюкоза беру
- созылыңқы диарея, шұғыл түрде ауруханаға жеткізу
- салмонеллез, сүт беру
60. Балалардағы гипотрофия белгілері:
1.терлегіштік, сүйектерінің қисаюы
2.ісіктер, артериалдық қан қысымының көтерілуі
3.тері асты май қабатының жұқаруы, салмағының азаюы
4.бозару, тәбетінің төмендеуі
5.терісінде бөртпелердің пайда болуы, қышу"
- 1, 2
- 2, 3
+ 3, 4
- 4, 5
61. Әлияның іші өткеніне (нәжісі сұйық) 3 күн болды, күніне 4-5 ретке дейін. Н1жісінде қан жоқ. Көзі кіртиген, сұйық іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады. БАБЖ бағдарламасы бойынша жіктеңіз.
- дизентерия, ауыр түрі
- диарея,сусыздану жоқ
- диарея,шамалы сусыздану
+ диарея,ауыр сусыздану