1. Нормативтік құжаттармен танысу 4


Аудармадағы қателіктердің сипаты және аударманың сапалы шығу ұсыныстары



бет5/7
Дата24.05.2023
өлшемі146,81 Kb.
#177614
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
есеп 20 ПДк1 Жанар1.0922

2.1. Аудармадағы қателіктердің сипаты және аударманың сапалы шығу ұсыныстары


Аудармадағы қателіктердің сипаты:
1) түпнұсқа тілді жеткілікті түрде меңгермеу;
2) бастапқы мәтінде сипатталатын ақиқат шындық болмыс туралы білімінің жеткіліксіздігі;
3) бастапқы мәтіндегі мағынаға баса назар аудармау немесе автордың ойын түсінбеу;
4) бастапқы шығарма авторының жеке стилінің ерекшеліктерін ажырата білмеу.
Бұл жіктемені негізге ала отырып, аудармадағы қателіктердің сипатына тереңдей үңілсек, мұндай қателіктердің әртүрлі жағдайларға байланысты болатындығына және оның жалпы аударма сапасына әсер ететіндігіне көз жеткіземіз.
Аударма сапалы шығуына қатысты ұсыныстар:
«Біріншіден, түпнұсқадағы тілдің жасалу жолдары мен әдістерін білу керек. Аудару барысында қолданылған әдістер қиылыспай жатқанда, лингвоэтникалық түзетулер енгізуге тура келеді. Бұған бір мысал ретінде орыс тіліндегі «Министерство юстиции» деген атау қазақ тілінде «Әділет министрлігі» деп беріліп жүр, ал егер оны сөзбе-сөз аударса, қателік болып саналады. Жалпы кез келген тілде іскери хат әдеби нормаға сәйкес аударылады. Бұл жерде эмоционалды сөздерді қолданудан аулақ болу қажет, ол тек қана белгілі бір дәстүр шеңберінде қолданылады.
Екіншіден, аудармашы мәтін жөнінде жалпы түсінік ала отырып, оптималды жолмен жүруі керек, ол дегеніміз мәтіннің байланысу формулаларын, кеңселік клишелерін, қалыптасқан сөз тіркестерінің стилін т.б. қолдану ерекшеліктерін жете білумен түсіндіріледі. Сөзбе-сөз аудармай, бірыңғай эквиваленттер бірлігінің көмегімен, айқындалған жолмен қажетті әдіс арқылы бару керек: байланысу формуласын дәстүр мен әсерге бағыт жасай отырып, трансформация көмегі арқылы; концелярлық стильді – әртүрлі варианттардың көмегімен; терминдерді – бірыңғай эквиваленттердің сәйкестілігімен беру керек.
Үшіншіден, аударманы бітірген соң аудармашы мәтінді қайта тексеріп, аударманың стильдік бірлігін түпнұсқамен салыстыруы және редакциялауы керек. Бұл үшін де редакциялау техникасынан хабардар болу керек. Аударманы редакциялау арқылы аудармашы жіберілген қателеріне анализ жасап, сол арқылы аударма әдістерін меңгереді, өзі үшін қорытынды жасай алады». Сілтемені ұзақ келтіріп отырғанымыздың себебі – бұл талаптар тек іскери хатты ғана емес, жалпы ісқағаздарын аударуға қойылатындығында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет