Екі ай бойы өткен іс тәжірибеде маған қиындық тудырған біраз жайттар болды. Аударма кезінде кейбір сөз тіркестерін аудару оңайға соқпады. Іс тәжірибеміз құрылыс мәселесіне байланысты болғандықтан, таныс емес сөздер кездесіп тұрды. Мәтінді қазақшаға аударып отырып, оның құрылымын сол күйінде сақтау қажет болды. Бұл үшін түрлі әдебиеттерді қарастырып, солар көмегімен мәтінді аудардық. Жаңа тақырыптарды талдау және олармен жұмыс жасау барысындағы қиындықтармен кездестік.
Тәжірибенің бірінші аптасында:
Жетекші бізді аудармашы міндеттері және орын жұмысымен таныстырды. Аудармаға жататын әдебиеттің сипаттын қарастырдық. Офистік техникамен өзіндік жұмыс жасау. Ағылшын-қазақ сөздіктерін қарастырдық. Кеңсенің күндізгі жоспары бойынша өзіндік жұмыс: кәсіпорын басшысының тапсырмаларын орындау. Мәтіннің аударма схемасымен таныстық. Кәсіпорынның тапсырмасы бойынша аударма жұмысын істедік (мәтіндерді шет тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару). Аударылған тілдегі лексикалық хат- хабарлары жоқ сөздерді, неологизмдерді және сөз тіркестерді аудардық. Фирманың бейіні бойынша шет тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару (20 мәтін).
Екінші апта:
Аударма үрдісін сипаттаудың негізгі қағидалары қарастырдық. Аударма үрдісінің этаптары: түпнұсқаны түсіну және аударма вариантын таңдау. Аударма үрдісі – түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге айналдыру (трансформация). Аудармашылық трансформациялар түрлері: лексикалық, логико-семантикалық, лексико-грамматикалық. Орын ауыстыру, алмастыру, түсіріп тастау. Аудармашылық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калька, сипаттамалы аударма. «Аударма моделі» ұғымы.
Үшінші апта:
Біз аударманың грамматикалық негіздерімен таныстық. грамматикалық және лексико-грамматикалық. Генерализация және конкретизация, ұғымды мағыналық дамыту тәсілі және пассивті дауысты аудару ерекшеліктеріи қайталадық. Ағылшын тілінен қазақ (немесе басқа) тіліне пассивті дауысты беру кезінде аудармадағы сөйлемнің грамматикалық құрылымының өзгеруі мысалдар келтірдік. Аудармада пассивті дауысты беру кезінде интранситивтік және транзиттік етістіктерді қолдандық. Ағылшын етістігінің жеке емес формаларын аудару: шексіз, герундия. Қосымша ақпарат көздері арқылы герундийді тікелей қосу, жанама қосу және анықтады қарастырдық.
Төртінші апта:
Ағылшын-қазақ сөздігі арқылы сөз тіркестері мен етістіктерді аудардық. Кіріспе сөз тіркестерін, атрибуттық тіркестерді, ілеспе сөз тіркестерін аудару. Грамматикалық инверсия. Ағылшын тіліндегі грамматикада инверсия қалыпты сөз тәртібін қалпына келтіру болып табылады. Теориялық талдау нәтижелерін және оқу әдістемесімен таныстық. Практика бойынша жазбаша есеп дайындадық. Терминмен жұмыс жасаумен қатар глосарий құрастыра бастадық. Аударманың грамматикалық негіздерін талдадық. Пассивті дауысты аудару ерекшеліктерін ақпарат көздерінен қарадық. Орыс тіліндегі ақпараттарды қазақ тіліне аудардық. Ақпарат көздері арқылы ағылшын тілінен орыс, қазақ тіліне пассивті дауысты беру кезінде аудармадағы сөйлемнің грамматикалық құрылымын қалай өзгерту туралы талдау жасадық.
Бесінші апта:
Аударылған құжаттарды өңдеу және сапасын бақылай бастадық. Ағылшын етістігінің жеке емес формаларын аудару: шексіз, герундия. Герундий қайталау. Герундийдің сөйлемдегі аудармасын талдадық. Әдебиет кітаптарынан герундийді тікелей қосу, жанама қосу, анықтау, жағдаят функциясында беру (аудару) ақпараттарын қарастырдық. Практика бойынша жазбаша есеп беру үшін материал дайындау аптасы болды. Сөз тіркестері мен етістіктерді аудару. Грамматикалық инверсия оқу. Теориялық талдау нәтижелері және оқу әдістемесімен таныстық. Екі ай бойы өткен практика бойынша жазбаша есеп дайындадым.