1.Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп гимназия.
Қ.Н.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі: Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.
Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Құмаш Нұрғалиұлы еңбекке баулумен қатар, алыстағы ауыл балаларының фундаменталды білім алуына көп еңбек сіңірді. Ол үшін мектепте телевизиялық техникалық орталық ұйымдастырылды. Әр сыныпта телевизор орнатылып, мұғалім өз сабағында кез-келген көркем, ғылыми-көпшілік фильмнен үзінді көрсете алатын. Осының бәрі ірі қала мектептерінің тәжірибесін зерттей отырып, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста, ғылыми-педагогикалық негізде жүзеге асырылды
Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » - деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады.
2. Архимед Ысқақовтың авторлық мектебі. Мазмұны,ерекшеліктері.
Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсаты – заманына сай саналы да өрелі әрі дені сау парасатты азамат болып өсуді талап етеді.
Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу – тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып,әр оқушының еркін дамуына , азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды.Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізуде Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары.Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта- ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.
Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттарымен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі- жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино , театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының «Экология негіздері» деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейнде өткізілген. Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері», т.б. курстар оқылып,балалардың толықтай орта білім алуына,өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды.
Архимед: «Маған идеологоияға артық көңіл аударғандары ұнамайтын, шет тілдер сияқты маңызды пәндерді кемсіту, оқыту бағдарламасында қосымша жақтары жоқтығы. Әрине, ғаламдық өзгерістерден бастауға болмайды, сондықтан, мен өз идеямды бір мектеп шектеуінде жоғары сыныптар оқушылары (10-11 сыныптар) үшін енгізуді шештім. Сонымен қоса, жаңа модельді қоғамның еңқорғанбаған бөлігіне –«қиын жасөспірім», деп аталатындарға іске асырғым келді. Біз криминалды өткен шағы бар балаларды, жетімдерді, жартылай жетімдерді, негізге мектептерден шығарып жібергендерді қабылдап алдық» деген болатын
Достарыңызбен бөлісу: |