Мәтіндегі сипатталған оқиғаның болған уақытын анықтаңыз:
A)ХVIІ-ХVIІІ ғасырлар
B)ХVIІІ-ХІХ ғасырлар
C)ХІV-XV ғасырлар
D)XV-ХVI ғасырлар
E)XVІ-ХVIІ ғасырлар
13. Гладиаторлар шайқасы ойын-сауық түріне айналды:
A)Б.з.б. ІІІ ғ.
B)Б.з.б. V ғ.
C)Б.з.б. І ғ.
D)Б.з.б. ІV ғ.
E)Б.з.б. ІІ ғ.
14. Ұлы Моғол мемлекетінің билеушілерінің бірі
A)Ұлықбек
B)ІІІ Селим
C)Аурангзеб
D)Дуррани
E)Говинд
15. Ф.Энгельс «Заманауи химияның атасы» деп атаған ағылшын ғалымы:
A)Луи Пастер
B)Майкл Фарадей
C)Конрад Рентген
D)Джон Дальтон
E)Роберт Майер
16. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания:
A)Ганза одағы
B)Кеден одағы
C)Вест-Үнді
D)Неміс сауда одағы
E)Ост-Үнді
17. 1920 жылы Сан-Ремо келісіміне сәйкес Англия протектораттығын орнатқан елдері:
A)Лаос, Сингапур
B)Қытай, Солтүстік Корея
C)Палестина, Ирак
D)Сирия, Алжир
E)Египет, Алжир
18. Моңғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегі
Елде кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небары екі-үш айдың ішінде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында,майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтілді... МХРП Орталық Комитетінің Пленумы (1941ж.қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинауды одан әрі дамытуға шақырды. Монғол халқы бұл үндеуді қызу қарсы алды.
1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлеріне монғол еңбекшілері жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Монғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарының қабырғаларында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерінің құрамына еніп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерінің даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбінде аяқталды. Жауынгерлік ерлігі үшін бригада 7 орденмен, оның ішінде МХР-ның Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды. МХР еңбекшілері өз қаржыларына «Монғолия араты» атты авиация сатып алып, Қызыл армия жауынгерлеріне сыйға тартты. 1944 жылы Кеңес Армиясына сыйлық ретінде МХР-дан оның солдаттары мен офицерлеріне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлік, киім-кешек т.б. жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |