1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Бюджеттік әдіс.Бұл әдіс халықтың әртүрлі топтарының өмір сүру деңгейі мен динамикасы туралы ақпаратты алудың негізгі көзі болыптабылады



бет43/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

Бюджеттік әдіс.Бұл әдіс халықтың әртүрлі топтарының өмір сүру деңгейі мен динамикасы туралы ақпаратты алудың негізгі көзі болыптабылады.
Бюджеттік әдіспен алынатын мәліметтердің шынайлығы халықтың белгілі топтарына типтес келетін жанұяларды дұрыс іріктелу және зерт телетінжанұялардың барлық кірісі мен шығысының тіркелу деңгейіне байланысты. Тұтыну көрсеткіштерін тіркеу сандық және құндылық сипатта жүргізіледі.Бюджеттік тексеру таңдамалы түрде жүргізіледі.Бюджеттік тексерулерді Орталық статистикалық басқарма ұйымдастырылады. Жергілікті жердеарнайы дайындалған статист мамандар жанұяларды зерттейді.Жанұялардың барлық кірісімен шығысын тіркеуге алады.Мамандар айына 2 рет зерттелетін жанұяларға барып,жанұя мүшелерінің бюджеті туралы сауалнама толтырып отырады.Азық-түліктің нақты шығынын өлшеуәдісіменанықтайды.Бюджеттік әдістің көмегімен алынған мәліметтердің әлеуметтік- экономикалық маңызы зор.Себебі оларды ғылыми негізділген қорытынды мен ұсыныстар жасауға қолдануға болады.Жанұялық және дербес тамақтануды,сонымен бірге ұжымдардың тамақтануын әлеуметтік-гигеналық тұрғыда зерттеу түрлі әдістердің көмегімен жүргізіледі.Бұл кезде міндетті түрде халықтың денсаулық жағдайына тереңдетілген талдау жүргізіледі.Жанұялық және дербес тамақтануды зерттейтін әдістергеанкеталық,азық-түліктің нақты тұтынылуын 24 сағаттық еске түсіру әдісімен зерттеу,жиілікті әдіс,сұрау-өлшеу және өлшеу әдістері жатады.
Анкеталық әдіс. Көп шығынды жұмсамай-ақ халықтың әртүрлі топтарының тамақтану ерекшеліктері мен сипаты туралы болжамалық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің тиімділігі анкетада қойылған сұрақтардыңнақтылығына, дұрыс құрастырылуына тікелей байланысты.Анкеталық әдіс пассивті және активті деп екіге бөлінеді. Пассивті анкеталық әдіс дегеніміз зерттелетін адам өзінің қалауынша сұрақтарға жауап береді, ал активті арнайы дайындалған маманның тікелей бақылауымен толтырылады. Активті анкетелық әдіс сұрау әдісіне жақын келеді. Пассивті әдістің тиімділігі анкета толтырып отырған адамның мәдениет деңгейінежәнесанасына байланысты. Сондықтан пассивті анкеталық әдістің мәліметтері шынайы емес, тек қана бір мезгілде жаппай жүргізілетінболғандықтаналынатын мәліметтер құнды (көп санның заңы) болуы мүмкін.Анкеталық әдісте зерттелінетіндердің денсаулық жағдайы туралы нақты мәліметтер алынбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет