1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар



бет44/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

Азық- түліктің нақты тұтынылуын 24 сағаттық еске түсіру әдісімензерттеу. Бұл әдісреспонденттің 24 сағат бойына қандай тамақ тұтынғанын еске түсіріп, сұрау арқылы жүргізіледі. Сұрау жүргізу барысында адамның тіршілік етуінің тәуліктік циклын құрайды. Интервьюер сұрақ қою арқылы зерттеушінің өткен тәулікте қандай тамақ жегенін анықтайды. Олреспондентке желінген тамақты сипаттауға, оның мөлшерін бағалауға көмектеседі жәнеосы тамақты дайындау рецептурасын анықтайды.Нәтижесінде анкетаға тұтынылған азық- түліктер мен өнімдердің, олардың қысқаша сипаттамасын, грамм немесе миллилитр бойынша мөлшерін,асшеберлік дайындау рецептурасын жазады. Тамақтың сандық мөлшерінбағалау үшін өнімдер мен азық- түліктің порциясы (үлесі) көрсетіліп арнайы дайындалған түрлі- түсті суреттері бар альбом қолданылады. Репонденттерге бірнеше рет сұрау жүргізіледі. Интервью аптаның барлық күндеріне бірдей бөлініп жүргізіледі. Демалыс және жұмыс күндерінің ара- қатынасы 1:4қатынасында болу керек. Зерттеу ұлттық мейрамдар кезінде жүргізілмейді.


Жиілікті әдіс. Интервьюер арнайы құрастырылғансауалнаманың көмегімен негізгі азық- түлік топтарының маусымдық тұтыну жиілігін анықтайды.Азық- түлікті тұтыну жиіліктері: күнделікті, аптасына 2-3 рет, айына 2-3 рет, айына 1 рет, мүлдем тұтынбайды.
Сұрау- өлшеу әдісі. Бұл әдісте сұрау арқылы күнделікті тұтынылатын азық- түлікті тіркеп, олардың шығынын өлшеу арқылы бақылап отырады. Әдістің тиімділігі зерттелінетін халықтың тобын толық сипаттай алатынжанұялардың дұрыс таңдалуына және санына байланысты.
Азық- түліктің қозғалысы, олардың кірісі мен шығысы арнайы карталарға тіркеледі. Оларды арнайы дайындалған тексерушілер толтырады. Әрбір тексерушінің қарамағына 6-12 жанұялар бекітіледі. Тамақтанудыңмаусымдық өзгерістерін анықтау үшін зерттеу төрт маусымда да (көктем, жаз, күз, қыс) немесе ең маңызды кезеңдерде- жаз- күз (азық- түліктіңассортименті көп кезде) және қыс- көктем (азық- түліктің ассортименті азкезде) мерзімдерінде жүргізіледі. Әрбір маусымдағы зерттеу ұзақтығы 7-14 күнді қамтиды.
Сұрау- өлшеу әдісі көптеген көрсеткіштер бойынша халықтың белгілі бір тобының нақты тамақтануын зерттеуге және барлық негізгі көрсеткіштері бойынша, соның ішінде биологиялық толыққұндылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Өлшеу әдісі. Бұл әдіс ауырлығына және зерттелетін жанұялардағықолайсыздығына байланысты сирек қолданылады. Осы әдіс негізінде азық- түлікті, қалдықты және тамақтың желінбеген бөлігін, сонымен бірге тұтынылатын тамақтың көлемі мен мөлшерін өлшейді. Ол үшін зерттеужүргізетін адам (аяжан, фельдшер) күн ұзағына жанұяда болуы керек. Барлық өлшенген мәліметтер және жанұя мүшелерінің денсаулық жағдайы мен дене- бітімін (физикалық дамуын) сипаттайтын мәліметтер арнайыжурналға тіркеледі. Зерттеу 40 күн (әрбір маусымға 10 күннен) жүргізіледі.Сонымен өлшеу әдісі арқылы жанұяның әрбір мүшесінің тамақтануерекшелігі мен сипаты туралы мәліметтер алуға болады. Тұтынылатын азық- түліктің нақты сандық көрсеткіштерін біле отырып, рационның химиялыққұрамын есептеуге және оның биологиялық толыққұндылығын бағалауға болады.Өлшеу әдісімен зерттелінетін жанұялардың саны аз болғандықтан, алынатын мәліметтердің шынайылығына әсер етуі мүмкін. Міне, осы жайт өлшеуәдісінің кемшілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет