1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Емдіктамақтану, түсінік. Емдіктамақтануғақойылатынталаптар



бет84/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

55.Емдіктамақтану, түсінік. Емдіктамақтануғақойылатынталаптар.
Диеталықөнімдер.

ЕМДІК ЕМДәмДЕР Тағаммен емдеуді оңтайландыру , ұйымдастыру шараларын жетілдіру және сапасын жақсарту мақсатында емдік - профилактикалық орындарда емдәмнің жаңа жүйесі енгізілді . Бұрын қолданылып жүрген сандық жүйенің емдәмдері стандартты емдәмдер жүйесіне біріктіріліп , әртүрлі аурулар кезінде аурудың ауыртпалық дәрежесіне және асқынуына қарай тағайындалады . Сандық емдәмдер негізінен ұжымдық топтарға тағайындауға арналған , бұл емдәмді жеке басқа сәйкес тағайындау мүмкін емес . Қазіргі күнгі диетологияда Пев знер жүйесінің емдәмі ескірген болып есептеледі , себебі бұл жүйе бойынша тамақтандыру аурудың жалпылама моделіне негізделген , ол ауырған адамның жеке бас тамақтануы түгел бірнеше басқа аурулармен ауыратын науқастардың тамақтануы ескерілмеген . Сандық емдәмдер бойынша жұмыс жасау дието 346 ХІІ Тарау . Тағаммен емдеуді ұйымдастыру терапияны жеке басқа сәйкестендіруде және толықтандырудағы дәрігердің мүмкіндігін шектейді , сөйтіп , науқастың емін күрделендіре түседі . Емдік - профилактикалық мекемелерде жаңа стандартты емдәмдерді жұмысқа енгізу диетотерапияны тұлғаларға сәйкестендіруге мүмкіндік береді . Қазіргі күні қолданылып жүрген стандартты емдәмдердің бұрынғы емдәмдерден айырмашылығы келесідей ерекшеленеді : • тағамдық заттардың құрамымен ; • тағамның энергетикалык кундылығымен ; • тағамның дайындалу технологиясымен ; • тағамның орташа тәуліктегі түрлерімен . Қазіргі күні дәрігер емдәмді аурудың нозологиялық түрлерін және ауырлык дәрежесін , кезеңі мен ағымын , басқа мүшелер мен жүйелерде асқынудың болуын ескере отырып тағайындайды . Осыған байланысты , емдік тағамды тағайындауда тағамдық статустың бұзылу дәрежесін қатаң ескерген жөн . Клиникалық білімнен жинакталган Тәжірибе көрсеткендей , хирургиялық , әсіресе терапиялық науқастарға емдік іс шараларды тағайындау зат алмасуды дұрыстау және энергетикалык , пластикалық қажеттілікті толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған . Осыған байланысты , емдік тағамдарды тағайындауда тағамдық статустың бұзылу дәрежесін міндетті түрде анықтау қажет . Тағамдық статус ты жүйелі түрде бағалау анықталған бұзылыстарды дұрыстауға және оларды бағалауға бағытталған диетотерапияны дұрыс таңдауға мүмкіндік береді . Антропометриялық және қызметтік зерттеу әдістері , сонымен қатар , әр түрлі аурулары бар науқастарды микронутриенттермен қамтамасыз етілуін бағалауға бағытталған , тағамдық статусты анықтаудың соңғы кездегі әдістері IV бөлімде толык карастырылған . ТАҒАММЕН ЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Қазіргі күнгі тағаммен емдеу келесі талаптарды қамтамасыз етуі қажет : • адамның тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ету ( калоражды есептеу аурудың түріне және энергетикалық шығын деңгейіне карай жүргізіледі ) ; • тамақтану тәртібін сақтау : науқас міндетті түрде тұрақты , бір уақытта тамақтануы қажет . Бұл шартты рефлекстің қалыптасуына жағдай жасайды : белгілі бір уақытқа қалыптасқан жағдайда асқазан сөлі белсенді түрде бөлініп , астың жақсы қорытылуына жағдай жасайды ; • тағамдық рационның түрлілігі . Бір түрлі тағамдар жалықтырады , ол төменгі тәбетті одан әрі түсіріп , ас қорыту мүшелерінің қозуын бұзып , тағамның сіңірілуін нашарлатады ; • тағамның дәмділігінің және құндылығын жоғалтпай , асханалық дұрыс өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ету ; нутриенттердің өзара байланысын ескеру . Мысалы : тағам құрамында май , магний , фосфор және басқа да заттар көп болғанда кальцийдің сіңімділігі нашарлайды ; • тағамның дайындалуында тағамдық заттарды , соның ішінде диеталыктағамдарды дұрыс тандау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет